Қазаға кінәлі дәрігер жазасын алды

Таран аудандық соты аудандық орталық ауруханда онколог дәрігер ретінде қызмет атқарған Л.-ға қатысты сот үкімін шығарды. Ол медицина қызметкерінің өз кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамауы салдарынан адам өліміне әкеп соғуы, яғни ҚР ҚК-нің 114 бабы 4 бөлігі (1997 жылы редакцияда) айыпты деп танылды.   
Сотқа дейінгі тергеу кезінде анықталғандай, онколог әрі эндоскопист дәрігері міндеттерін атқарған Л. оң жағы беті аурып, ісіп кеткен науқас С-ны қарап, оған "Жақсүйек лимфа бездерінің қабынуы" диагнозын қояды. Аталған диагноз іріңді жараны алу үшін ота жасауды қажет ететіндігіне қарамастан, дәрігер науқасқа дәрі-дірмек қабылдау түріндегі ем тағайындайды.
Арада бірнеше күн өткен соң тиісті медициналық ем алмаған азамат С. қайтыс болған.  
Сот үкімімен Л. қылмыстық құқық бұзушылықта айыпты деп танылып, оған 1 жылға бас бостандығын шектеу, 2 жылға медициналық қызмет көрсетуге қатысты еңбекпен шұғылдану құқығынан айыру жазасы тағайындалды.  ҚР КҚ-нің 44 бабы негізінде сотталушыға пробационалдық бақылау бекітілді.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓