Қостанай ауданы орақ маусымын бастады

Қостанай ауданының кейбір шаруашылықтары орақ науқанын бастап кетті. Атап айтқанда, «Белозерка-2030», «Садчиковское», К. Маркс атындағы шаруашылық, «Естаев»«Павловский» шаруа қожалықтары қырман басында қызу қамға кірісті.
егін
Диқандар әуелгі кезекте нанның сұр түрін, арпа және зығыр дақылын орудан бастауда. Ал бидай кейбір шаруашылықтарда әзірге күте тұрады. Әйткенмен оған орақ сауға да көп қалған жоқ — аптап ыстықтың салдарынан межелі мерзім он күнге дейін шегерілді. Не де болса, шаруалардың биылғы шығымға көңілдері толады. Жылдағыдан артық өнім алмаса, кем болмайды деп үміттенеді қай-қайсысы да. 
Жалпы, бұл ауданның егіні биыл ерекше бітік. Астық және дәнді-бұршақты дақылдар танабы 260 мың гектарды құрайды. Алғашқы күннің нәтижесінше, 8 мың 600 га орылған, оның 2 мың 100 гектары бастырылыпты. Орташа өнімділік гектарына 16,2 центнерді құрап отыр.
Бұл ауданға тиесілі алқаптардағы басты дақыл — астықтың 2,9 мың гектары жиналды. 
 
 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓