Жарылғыш зат табылмады

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, 18 шілде күні таңғы сағат 9:46-да Қостанайда әл-Фараби даңғылындағы Бизнес орталық ғимаратына 42 жастағы ер адам келіп, жарылғыш зат қойылғанын хабарлады.missionОқиға болған жерге полиция мен басқа да арнаулы қызметтер жедел келіп жетті. Осы ғимараттағы, сондай-ақ орталық әмбебап дүкен мен «Март» сауда орталығындағы адамдар сыртқа шығарылды.  Бизнес орталық пен сауда орталықтары ғимараттары мен олардың айналасын  кинологтар мұқият тексеріп шықты. Жарылғыш зат табылған жоқ. Қазіргі уақытта елді ала тайдай бүлдіріп, жалған хабар берген ер адам қамауға алынды. Полиция соталды тергеуді бастады. Күдікті алғашқы берген жауабында арнаулы қызметтердің қалай жұмыс істейтінін тексермек болғанын айтты.

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓