Марфуға Бектемірова — Мен келемін…

Марфуға Бектемірова — ақын, журналист, аудармашы. 1958 жылы 26 қыркүйекте Көкшетау қаласының Макинка ауылында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факулътетін бітірген. Уәлиханов, Зеренді аудандық және облыстық «Көкшетау правдасы» газеттерінде,Қостанай облыстық радиосында тілші болған. Қостанай облыстық әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінде қазақ тілі, ономастика, ұлт саясаты және көші-қон жөніндегі жауапты маман болып қызмет атқарған, республикалық «Ана тілі» газетінің осы облыс бойынша меншікті тілшісі, Қазақстан Жазушылар одағының Қостанай облыстық филиалының директоры болған. 
«Жыр тәңірі», «Тың тынысы», «Көңіл әуендері», «Арман қанатында», «Қарлығаш» атты ұжымдық жинақтарға енген. «Жанары жәудір дүние», «Айдыным менің», «Ғашық жүрек», «Еңлікгүл», «Менің Атлантидам», «Аққуым менің қайдасың?», «Озера души», «Белый парус мечты» жыр жинақтарының авторы. Ол 2013 жылы дүниеден озды.

Ақынның өлеңдерін оқығандар: Жұлдыз Бермағанбетова, Жандос Жүсіпбек. 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓