Спартакиадаға дайындық барысы пысықталды

Биылғы облыстық “Тың-2016” спартакиадасына дайындық барысы қай дәрежеде? Халықты бұқаралық спортпен қамтуда нендей іс-шаралар атқарылуда? Осы және өзге де сұрақтар  туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Сергей Матвиенко бүгін облыс әкімдігінде өткен аппарат мәжілісінде баяндады.спорт
Үстіміздегі жылы өтетін облыстық 31-ші спартакиада ойындарын қабылдау мәртебесі Қостанай қаласына бұйырды. Кіші олимпиада тамыз айының 12-сі мен 14-і аралығында спорттың 15 түрінен өтеді. Бүгінде қаладағы спорт кешендері сақадай сай дайын тұр. Қазірдің өзінде жоғары деңгейде жарыстарды өткізуге әбден болады дейді облыстық спорт басқармасының басшысы. Өңірдегі спорт ғимараттарын жөндеп, оларды қалпына келтіру жұмыстары да жалғасын табуда. Жалпы, спартакиаданы өткізуге 17 млн. теңгеге жуық қаржы бөлінген көрінеді.
-12-13 тамыз аралығында Заречный ауылындағы “Арғымақ” стадионында да ат жарысы, көкпар, аударыспақ, қыз қуу сияқты спорт ойындары да ұйымдастырылады. Аудан, қалалардан келетін спортшылардың тамағы мен жатар орны да дайын. Олар қаламыздағы №1, №2 және №8 мектептерге орналастырылып, тегін тамақпен қамтамасыз етіледі. Спартакиаданың салтанатты ашылуы 12 тамызда сағат 10.00-де, ал салтанатты жабылуы 14 тамызда сағат 14.00 де өтеді. Қауіпсіздік шаралары да қарастырылған, — дейді С.Матвиенко.
Облыс әкімі А.Мұхамбетов те спартакиаданың жоғары деңгейде өтуін қадап тапсырды. Сондай-ақ, әкім ең басты мақсат – спорттық сайыстардың қорытындысы емес, ең бастысы бұқараны спортқа тартып, салауатты өмір салтын насихаттау екендігін жеткізді.  
 
Қарлығаш ОСПАНОВА

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓