«Агромаш Холдингте» — «Ашық есік күні»

Қостанайдағы «Агромаш Холдинг» АҚ базасында «Ашық есік күні» ұйымдастырылды. Отандық өнімдердің әлеуетін бағалап, жаңа техникалармен танысу үшін облыстағы барлық шаруа қожалықтары мен серіктестік басшылары айтулы іс-шараға ат басын бұрып отыр. Бас-аяғы 400-ге жуық кәсіпорын иелері кездесіп, аймақтағы астық мәселесі туралы ой бөлісті.1 (5)Іс-шара В2В форматында өтті. Яғни, кез келген тұтынушы өзін қызықтырған сұрақтарды тікелей өндірушіге қоя алады. Келушілер дала жұмыстарына арналған барлық техникалар мен жеңіл көліктерді тамашалуға құқылы. Зауыттың бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысуға обылс әкімінің бірінші орынбасары Ғауез Нұрмұхамбетов, «СNHI» компаниясының Орталық Азиядағы өкілі Роберто Вальфре және «Дон Мар» ЖШС-нің бас директоры Уоллис Стирлинг қатысты.1 (7)-Біздің техника шетелдік өнімнен кем түспейді әрі бағасы да арзан. Бүгін өндірушілер мен тұтынушылар емен-жарқын әңгімелесіп, өзара келісімге келсе дейміз. Бүгінгі жиынның мақсаты да сол. Отандық өнімнің сатылымын ілгерлету. Екі жаққа да тиімді байланыс орнату керек. Егіс алқаптарында егін жақсы шығып келеді. Биыл астықты молынан аламыз деп күтемін. Бидайды үлгертіп, қамбаны толтыру үшін жаңа техникалар ауадай қажет,-дейді Ғауез Торсанұлы.1 (6)Содан соң ұйымдастырушылар астық жинайтын комбайндарды таныстырды. Оларды құрастырудағы барлық деңгейлерге тоқтап өтті.1 (3)-Бұл жерде комбайндардың үш түрі көрсетілген: «ESSIL КЗС-760», «ESSIL КЗС-740» және «New Holland TC 5080». Көрменің мақсаты – аграрларға өздері қолданып жүрген техникаларды егжей-тегжейлі түсіндіру. Біз 10 жылдан бері комбайндарды белоруссиялық «Гомсельмаш» компаниясымен бірігіп шығарып келеміз. Белоруссиядан машина жиынтықтарын әкеліп, Қостанайда «ESSIL» брендтік атаумен сатылымға қоямыз,-дейді "Агромаш Холдинг" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Әлішер Ахметов. 1 (2)
1 (1)
1 (4)
Толығырақ газеттің алдағы санынан оқи аласыздар.
 
Кенже ҚОНЫСБАЙ.
Суреттерді түсірген Алмас БАТЫРХАН.
       

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓