ЖЕТЕУДІҢ ЖЕТІСТІГІ

Тараз қаласында кикбоксингтен жасөспірімдер арасындағы ҚР біріншілігі аяқталды. Қазақстанның 14 облысынан, Астана мен Алматы қалаларынан барлығы 300-ге жуық спортшы қатысты. Қостанай құрамасы бұл бәсекеге 12 жасөспірімді апарды. Нәтиже де көңіл көншітерлік. Қоржында – 4 алтын, 3 қола медаль. Дарья Гринь (48 келі), Диана Марышева (52 келі), Альбина Именалинова (56 келі), Тамерлан Әубәкіровтер (52 келі) тұғырдың бірінші сатысына көтерілсе, Захар Димов, Устинья Димова, Ілияс Дәуреновтер қола медальді еншіледі.  
— Республикалық маңызы зор бәсеке біздің жас спортшылар үшін жақсы бір сынақ болды. Жарыстың әлеуеті де ерекше. Себебі, мұны өткізуге ҚР Мәдениет және спорт министірлігі мұрындық болды. Осы біріншілікте топжарғандар ҚР жастар құрамасына ілігеді. Біздің төрт спортшымыз қазірдің өзінде ұлттық құраманың қосалқы тізіміне еніп отыр. Бұл тек қана «Сұңқар» спортклубының ғана емес, күллі Қостанай спортының жетістігі, — деді кикбоксингтен Қостанай облысының бас бапкері Әскер Макубаев.
Біріншіліктің бас жүлдесіне Шымкент облысының құрамасы ие болды. Үздіктер тізімін Тараз, Қостанай, Ақтөбе облыстары қорытындылайды.  
СУРЕТТЕ: жеңімпаздарды қарсы алу сәті
Суретті түсірген Айбек Жүзбай

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓