КЕКІЛІН ЖЕЛГЕ СҮЙДІРГЕН тұлпарлар аламанға түсті

Қостанай ауданының Заречный ауылында ат жарысы өтті. Бәйгеге республиканың түкпір-түкпірінен тұлпарлар жиналды, тіпті Челябіден де бабы келіскен күлік арнайы әкелініпті. Салтанатты ашылуда Қостанай қаласының әкімі Базыл Жақыпов, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Сергей Матвиенко, Қостанай ауданының әкімі Тәуба Исабаев қатысты. Әуелі, жиылған жұртқа жергілікті әуесқой спортшылар «Қыз қуу» ойынын көрсетті.

IMG_8518сайт

IMG_8522Содан соң бөктергісі мен білегі мықты жігіттердің бәсекесі – көкпарға кезек келді. Финалға Қостанай мен Таран аудандарының спортышлары шықты. Негізгі уақытта екі команда кім мықтыны анықтай алмады. Екі ауданның еншісінде де – үш салым. Төреші қосқан уақытта тарандықтар жылдамдық танытып, турнир жеңіпазы атанды.  Үшінші орын Сарыкөл ауданының көкпаршыларына бұйырды.
Көкөрім шабандоздар тай жарысын бастады. «Қасқалдақ» атты жітіқаралық тай екі шақырымда алдына тұяқ салмады. Иесі – Абай Әуезханов. Үш жасар құнандар жарысында ақтөбелік Тайғыбек Талайбекұлының «Керуені» мәре сызығын бірінші кесті. Ақтөбе шабандоздарының талай бәйгеде дес бермей жүргенін айта кетейік. Алты шақырымдық айналымда да ақтөбелік Ернұр Өтегеннің «Қараторғай» атты тұлпары қара үзіп келді. Он екі шақырымдық бәйгеде «Тарлан» атымен келген қарабалықтық Әлішер Есболғановтың мерейі үстем болды.IMG_8774
Танауын көкке шаншытып, кекілін жел тараған күліктер аламанға түсті. Жарыстың шарықтау шегі де, жұрттың асыға күтетіні де – осы. Ауыздығымен алысқан тұлпарлар тоғыз айналымның жетеуіне дейін бауырын жаза алмады. Екі айналым қалғанда шын сәйгүліктер алға суырылып шығып, қалғандарынан аралары алшақтай бастады. Делебесі қозып, қаны қызып, аламанға аңқайған жұрт көмбеге беттеген жүйріктерді қиқулап қарсы алып жатты. Сонымен, Челябіден келген «Жеңіс» атты арғымақ бас бәйгені еншіледі.   Заречный ауылының «Малайсары» тұлпары мәре сызығын екінші болып кесті.IMG_8718
— Қостанайдағы бәйгеге арнайы дайындалдық. Тұлпарымызды осында кеп жараттық. Сәтін салса, келесі жылы да қатыссақ деген жоспар бар, — деді «Жеңістің» иесі Николай Горбунов.

Қасқырбай ҚОЙШЫМАНОВ
 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓