Төрің құтты болсын, Қобыланды баба!

Бүгін барша қазақ үшін айрықша қуаныш, үлкен мереке. Халқымыздың мәңгілік ерлік өнегесіне айналған, орта ғасырдағы Алтын Орда, Ноғай Ордасы дәуірінің аса көрнекті тұлғасы  Қобыланды батырдың Қостанай қаласындағы ескерткішінің ашылу салтанаты өтті.IMG_9050
 
IMG_9027Ескерткіш авторлары еліміздің танымал сәулетшілері, ҚР Сәулетшілер одағының мүшелері – ағайынды Әбдікәрім және Әбдімүтәліп Ахметовтер. Олар Қобыланды батырдың қайталанбас тұлғасы, қайтпас қайсарлығын,  өрлігі мен ерлігін шынайы бейнелеп берген.IMG_9015
 
IMG_9073
IMG_9087
IMG_9121Салтанатты шарада Қостанай қаласының әкімі Базыл Жақыпов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Серік Ақылбай, ҚР Ғылым Академиясының академигі Сағындық Сатыбалдин, «Сағадат Нұрмағанбетов»  атындағы қордың Президенті Махмұд Нәлібаев құттықтау сөз сөйлеп, ескерткішке гүл шоқтары қойылды.IMG_9153
 
IMG_9159
IMG_9140
IMG_9187
IMG_9202
IMG_9208
IMG_9223
IMG_9244Қостанайдағы Герцен және Киев көшелерінің қиылысына орнатылған қаһарлы батыр тас тұғырдың үстінде Тайбурылдай арғымағына мініп, көк сүңгілі найзасын қолға алып, туған жерін қорғауға қашанда әзір екенін әйгілеп тұрғандай. Айта кетейік, Қостанай шаһарында бұндай ескерткіш болған емес. Баһадүдің қола мүсіні қаладағы тоғыз жолдың торабына қойылып, барша жұрттың назарын өзіне аударып тұр.IMG_8984
           
Қыдырбек Қиысхан.
            Суреттерді түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ, Бағдат АХМЕТБЕКОВ.
 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓