Пойыз бен жүк көлігі соқтығысты

Федоров ауданындағы темір жол бойында болған жол апатына кінәлі жүк көлігінің жүргізушісі жауапқа тартылады. Ол бағдаршамның тиым салынған белгісінен өтіп кеткен.55334933
11 мамырда Тоғызақ-Пешков темір жолы бойында пойыз бен жүк көлігі соқтығысты. Локомотив Қостанай қаласы жағынан, ал чипсы тиелген жүк көлік Ресейден келе жатқан. Жүк көлігінің жүргізушісі пойызды басып озуға тырысыпты. Соқтыққаннан кейін пойыз жүк көлігін 20 метрге сүйреп әкеткен.
Абырой болғанда адам шығыны жоқ. Темір жолға келтірілген шығынды жүк көлігінің жүргізушісі өтейді. Сондай-ақ ол он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 21 мың теңге айыппұл төлейді. Жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, іс сотқа жіберілді.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓