Н.Назарбаев Жер туралы кодекстің бірқатар нормаларына мораторий жариялады (Бейнебаян)

Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өтіп жатқан кеңес барысында Президент «Жер туралы кодекске» енгізілген өзгерістерге мораторий жариялады, деп хабарлайды Қазақпарат. 20160505182210
«Мен бүгін шешім қабылдаймын. Жер кодексінің қоғамдық резонанс тудырған бірқатар нормалары, нақты айтқанда, былтырғы енгізген 4 норманы күшіне енгізуге ендігі жылға дейін  мораторий жариялаймын. Алдымен, егжей-тегжейін қарап, халыққа түсіндіріп, Парламентпен бірге шешіп, келісімге келетін болсаңдар, мораторийді аламыз, болмаса, түсірмейміз», — деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.
Айта кетейік, кеңеске Парламент палаталарының төрағалары, Премьер-Министр, Президент Әкімшілігінің басшысы, Үкімет мүшелері мен мемлекеттік органдардың басшылары қатысуда.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓