«Ағаш отырғызу» акциясы басталды

«ССКӨБ» АҚ-да көктемгі ағаш отырғызу жұмыстарын ұйымдастыру мен жүргізуге 3 млн теңге қаражат бөлініп отыр. Бұл қаражатқа пирамидалық терек, қарағаш, алма ағашы, татар үйеңкісі, сондай-ақ хош иісті мамыргүл мен итмұрын бұталары сатып алынды. Жасыл желектің негізгі отырғызылатын аумағы ретінде Оңтүстік-Сарыбай кенішінің санитарлық-қорғау зонасы белгіленді. Өсімдіктердің қалған бөлігі Железорудный стансасының тұрғын үй массивінде орын тебетін болады.ZFV_7900
– Бірлестіктің барлық бөлімшелерінде экологияны жақсарту мәселесіне ерекше назар аударылады, – дейді «ССКӨБ» АҚ Экология және жер қойнауын пайдалану департаментінің басшысы Ерболат Көппаев. – 2005 жылдан бастап қоршаған ортаны қорғауды басқару жүйесі енгізіліп, табысты жұмыс істеп келеді. 2014 жылы «Парыз» республикалық конкурсында «Экологияға қосқан үлесі үшін» номинациясын иеленуіміз – осы жұмысымыздың жемісі. Сол жылы кәсіпорын жұмыскерлерінің күшімен 10 мыңнан астам пирамидалық терек, шегіршін, қайың, шырша, қарағай мен бұталар отырғызылған болатын.
Іс-шараға барлық бөлімшелердің жұмыскерлері белсенділікпен қатысуда.
– Біз өміріміздің көп бөлігін осы жерде, яғни «екінші үйімізде» өткіземіз. Сондықтан оны таза ұстап, гүлдендіріп, өзімізге жайлы еткеннен ұтарымыз көп, – дейді кен алыбындағы фабрикалық кешеннің маманы Ғабит Сәлиев
Ағаштарды отырғызу науқаны мамыр айының ортасына дейін жалғасады. Одан кейін осы жасыл желекті күтіп-бағу жұмыстарына кезек берілмек.
 
Қуаныш Есқабыл,
Рудный қаласы.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓