«Алтын микрофон» иесі анықталды

Тобыл топырағында осымен 14-рет ұйымдастырылған халықаралық "Алтын микрофон" балалар байқауы өз мәресіне жетті. Аудандық, облыстық кезеңдерден іріктеліп шыққан өрімдей өнерпаздар ақтық сында халықаралық деңгейдегі қазылар алқасы алдында ән салды. 5 мемлекеттен барлығы 74 балдырған әнші келді. Өңкей көмейіне бұлбұл ұя салған дарындылар тыңдаушылардың құлақ құрышын қандырып, көңіл бабын таба білді. Алайда әйгілі қазақ композиторы Кеңес Дүйсекеев бастаған әділ қазылар алқасы бас жүлдеге литвалық Линда Каролинаны лайықты деп тапты. Оған байқау статуеті, мадақтама қағазы мен 300 мың теңге ақша табысталды.
Толығырақ газеттің ертеңгі нөмірінен оқи аласыздар.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓