«Тарихи өңірден таралған тағылым»

23 сәуір — дүниежүзілік кітап және авторлық құық күніне орай Арқалықтағы №2 облыстық ғылыми — әмбебап кітапханада осындай атаумен кітап апталығы басталды.DSCF4572
Республикалық "Бір ел — бір кітап акциясының 10 жылдығына" арналған апталықтың ашылуында кітапхананың оқу залында жыл таңдауына түскен ақын — жыршы Дулат Бабатайұлының шығармашылығына арналған "Елдік пен ерліктің жаршысы" атты көрменің тұсауы кесілді.DSCF4582
Салтанатты шарада Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының аға оқытушысы Ардақ Абдуллина, облыстық "Дала өлкесі тарихы мұражайының" директоры Гүлбану Елтебаевалар құттықтау сөз сөйлеп, өшпес мұраны ұлықтаған кітапхана ұжымына алғыстарын білдірді.
"Ақындардың шайыры сөз асылын езбейді" — деп табиғи болмыспен жырлаған Дулат ақынның өлеңдерін студенттер нәшіне келтіре оқып, өқнерпаздар ән мен жырдан шашу шашты.
Кеш соңында кітапхана директоры Алма Нұрманова жастарды рухани қазынаны дәріптеуге баулыған оқу орындарына алғыс хат пен ескерткіш сыйлықтар табыс етті.DSCF4602
Апталық күнтізбесі: "Еңбекпен өрілген өмір" — кітапхананың 45 жылдығына, "Естен кетпес асыл бейне" — ақын Мәриям Хакімжанованың 110 жылдығына, "Арқа төсінде түлеген тұлға" — ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, мүсінші Әбілбек Ұзақұлының туғанына 80 жыл, "Жүрегі жыр, көкірегі сыр ақын" — ақын, мемлекеттік "Алаш" сыйлығының лауреаты Серік Тұрғынбекұлының туғанына 70 жыл, "Тұлпарлар туған өлке" — Арқалық қаласының 60 жылдығына арналған іс — шараларды өткізуге жоспарланған.
 
Мұрат Жүнісұлы,
Арқалық қаласы.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓