Экс-әкімді 15 жылға соттауды сұрады (ВИДЕО)

Өңірімізде кезекті атышулы сотқа нүкте қойылуға жақын. Қостанай қаласының бұрынғы әкімі Ахмедбек Ахметжанов пен оның орынбасары Мақсұт Қалиев және олармен сыбайлас болды деп айыпталған кәсіпкерлер Леонид Васильев, Сергей Биктибаев, Гагик Овнаняндарға қатысты соттың тергеу, жауап алу процестері аяқталды. 4 сәуір күні аталған іске қатысты жарыссөз өтіп, мемлекеттік айыптаушылар айыптау қорытындыларын жариялады.IMG_2099
Прокурор Таңат Тасов қылмыстық істегі басты айыпталушы Ахмедбек Ахметжановты ҚР ҚК 366, 307, 365, 311, 24 баптарының бірнеше тармағы бойынша кінәлі деп танып, оны 15 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. А.Ахметжановқа ірі көлемде пара алған, қызметін асыра пайдаланған, кәсіпкерлердің заңды қызметіне кедергі жасаған қатарлы айыптар тағылуда. Мемлекеттік айыптаушы шаһардың бұрынғы басшысының дүние-мүлкін тәркілеп, жазасын қатаң тәртіптегі түзеу мекемесінде өтеуді сұрап отыр. Егер прокурор сұраған жаза күшінде қалса, Қостанай қаласының экс-әкімі өмір бойы мемлекеттік қызметтен аластатылмақ. Айта кетейік, А.Ахметжанов қаңтар айының аяғында сот процесі басталған күннен-ақ өзіне тағылған айыптармен келіспейтінін мәлімдеген болатын.IMG_0217
Ал бұрынғы қала әкімінің орынбасары Мақсұт Қалиев ҚР ҚК 313, 24 баптары бойынша жауапты қызметті атқара жүріп, пара беруші мен пара алушының арасында делдал болды деп айыпталуда. Мемлекеттік айыптаушы М.Қалиевтің тағылған кінәні мойындағанын ескеріп, 4 жылға жалпы тәртіптегі түзету мекемесінде жазасын өтесін деп сұрады.IMG_2095
Прокурорлар сот алдына тартылған кәсіпкерлерге де қатаң жазалар тағайындаған екен. Алаяқтық жолмен мемлекеттік жауапты қызметкерлерге пара беруге көндірді, топ құрып, мемлекеттік сатып алу жөніндегі байқау кезінде бөтеннің мүлкін алаяқтық жолмен әлденеше рет иемденді, пара беруші мен пара алушының арасында делдалдық атқарды деген Леонид Васильевті 12 жылға бас бостандығынан айыру қорытындысына жүгінді. Прокурорлар бұған дейін өзіне тағылған айыптармен «ішінара келісемін» деген Сергей Биктибаевқа қылмыстық кодекстің 177, 28, 312, 307, 367, 190, 245 баптары бойынша 11 жылға соттау жазасын кескен. Ал мемлекеттік лауазымды қызметкерге делдал арқылы әлденеше рет ірі көлемде пара берген, салық төлеуден және бухгалтерлік есеп жүргізуден жалтарды деп айыпталған Гагик Овнанянды 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілсін делінді.IMG_0213
Егер сот үкімі мемлекеттік айыптаумен келісетін болса, жоғарыдағы кәсіпкерлердің үшеуі де жазасын қатаң тәртіптегі түзету мекемесінде өтеп, өмір бойы қаржылық-шаруашылық мекемелерді басқару құқығынан айырылмақ.

 

 

Қыдырбек ҚИЫСХАНҰЛЫ
Суреттерді түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ

 

 
 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓