Арқалық тұрғыны сот отырысына мас күйінде келді

Қостанай обылысы Арқалық қалалық сотында құқықбұзушы Е-ге қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 653-бабының 1-бөлігі бойынша қозғалған әкімшілік құқық бұзушылық туралы  іс қаралды.
Арқалық қалалық сотының аға сот приставы 4 наурызда азамат Е-ге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылған. Аталғандай, азамат Е. сот мәжілісінің болатын күні мен уақытын алдын ала біле тұра, сот мәжілісіне мас күйінде келген. Осының салдарына азаматтық істің қаралуы кейінге қалдырылған.  
Сот қаулысымен құқық бұзушы Е. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 653-бабының 1-бөлігінде  көзделген  әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған жаза ретінде 1 тәулік әмішілік қамақ түріндегі жаза берілді.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓