Назарбаев мектебі Наурыз тойын тойлады

Ұлыстың ұлы күнін Қостанай қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебі кең көлемде атап өтті. Бұл білім ошағы есігін ашқалы айтулы мерекені екінші рет тойлап отыр. IMG_0144Соған қарамастан, мұғалімдер мен оқушылар ауызбіршілік танытып, тіпті, мектепте ұстаздық ететін өзге ұлт өкілдері де Наурыз мерекесінің қадір-қасиетін жақсы түсінген.IMG_0122 Осы күні қазақтың ұлттық киімін киіп, дәстүрлерін бек ұстанған.IMG_0110
Мерекелік іс-шараға Қостанай облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжебек Үкіұлы, өңірімізге белгілі кәсіпкер Сайран Бұқанов, ҚМУ-нің проректоры Алмасбек Әбсадықов сынды шаһардың құрметті азаматтары шақырылған.IMG_0131 Мектеп ауласы қазақ ауылына ұқсатып безендірілген. IMG_0101 Бір жағында жәрмеңке, қазақы киіз үй болса, енді бір қанатында спорттық ойындарға арналған алаңқай және наурыз көже мен бауырсақ әзірлейтін ошақ орнатылған.  IMG_0082
 
IMG_0406
IMG_0078
IMG_0079Күй ойнап, әсем ән әуелеп, мерекелік көңіл-күй асқақтап тұрды. Концерт үш тілде өрбіді. Ортаға екі жаршы шығып, Наурыз тойының басталғанын жұртшылыққа жария етіп қуантты.IMG_0136 IMG_0139
IMG_0196Содан соң Наурыз мерекесімен халыққа құт-береке ала келетін Қыдыр ата еніп, жиналған жұртшылыққа ақ батасын беріп, құрметті орнына жайғасты.IMG_0155
 
IMG_0159Артынша құттықтау сөз кеш қонағы Кенжебек Үкіұлы мен Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры Думан Сапақовқа берілді.IMG_0162
Кенжебек ағамыз балғындарды жаңа жылдың басталуымен құттықтап, оқуда озат, ата-аналарының мақтанышы болып, ел мерейін асқақтатын ұл-қыздар боп өсуін тіледі. IMG_0168
Ал, мектеп директоры Сапақов мырза оқу жылының үшінші тоқсанының аяқталғанын айтып, оқушылардың көктемгі демалыста жақсы демалуына тілектестігін білдірді.IMG_0176
Мерекелік іс-шара мектеп өнерпаздарының өнерімен жалғасты. IMG_0186
IMG_0355Қазақ халқының «бесікке салу», «тұсау кесу», «бет ашу»  сияқты салт-дәстүрлерінен саханалық қойылымдар көрсетіліп, жас ақындар айтысы да ұйымдастырылды.   IMG_0213
IMG_0276
IMG_0408
IMG_0379
IMG_0427
 
IMG_0320
Наурыз думанына ата-аналар да белсенді дайындықпен келген екен. IMG_0325Ортаға шығып ән салып, өнерлерін аяп қалмады.IMG_0192
Шара соңында ұлттық спорттан жарыс өткізілді. Оқушылар гір көтеріп, арқан тартысып, күш сынасты.IMG_0458
 
IMG_0452Жұртшылық наурыз көже ішіп, қуанышта тарқасты. IMG_0398
 
IMG_0208
 
IMG_0088
 
IMG_0447
 
Кенже ҚОНЫСБАЙ
Суреттерді түсірген автор

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓