«Киіздегі өмір өрнектері»

Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайында ҚР суретшілер одағының мүшесі С.И. Шалунованың шығармашылығына арналған «Киіздегі өмір өрнектері» атты көрме ұйымдастырылды. Жиналған жұртшылыққа автордың туындыларын таныстырып, танымдық қызығушылықтары мен эстетикалық мәдениетін арттыру – көрменің басты мақсаты.IMG_9325
Көрмеге қостанайлық суретшілер мен облыстық мәдениет мекемелерінің қызметкерлері, сондай-ақ сурет өнеріне жаңа қадам басқан А. Никифоров атындағы дарынды балаларға арналған балғын суретшілер мектебінің оқушылары қатысты.
Светлана Шалунова – белгілі кескіндемеші ғана емес, сонымен қатар сәндік-қолданбалы өнерді жақсы меңгерген шебер. Білгенін үйретіп, ұрпақ тәрбиелейтін ұстаз аты тағы бар.IMG_9296
Міне, 14 жыл бойы С. Шалунова А. Никифоров атындағы көркемсурет мектебінде ұстаздық етіп, оқушыларға шығармашылық еркіндік бере отыра, өз стилін  іздеуге көмектесіп, дарынды балалардың сан қырларын ашады. Оның шәкірттері облыстық, республикалық жас суретшілер байқауында бірнеше рет топ жарғанын да айта кету керек.IMG_9336
Көрмеге Светлана Шалунова және оның шәкірттерінің жасаған бұйымдары, әсіресе, Наурыз мейрамына қатысты туындылары қойылған. Көрермен назарына киізден жасалған 28 панно ұсынылды.    Панно дегеніміз — мүсіндік бейнелер немесе түрлі суреттермен әшекейленген қабырғаның бір бөлігі. Ағаш, металл, қыш, тас, әйнек, мата сияқты материалдардан дайындайды.
-Наурыз мерекесі адамдарды ерекше біріктіреді. Ал, осы Ұлыстың Ұлы күніне арналған көрме баршамызға бейбітшілік пен тыныштықтың құндылығын арттыра түседі,-дейді суретші.IMG_9342Кескіндемеші көшпенді ұлттың дәстүрін, қазіргі замандағы мүмкіндіктерді біріктіре отырып, киізден жасалған бірегей арт-объектілерді жасайды. Фелтинг немесе құрғақ жұмыс техникасын жасау кезінде жүнді арнайы инемен бірнеше рет теседі. Осындай қиын жұмыстардың нәтижесінде жүн тығыздалып, әсем сурет пайда болады.
Суреттерін сөйлете білетін Светлананың тамаша туындыларына көрермен қауым тәнті боп тарқасты.
 
Кенже ҚОНЫСБАЙ
Суреттерді түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓