Ирандық диқандар Қостанайдан құнарлы жер сұрайды

Бүгін Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Иран республикасынан келген кәсіпкерлерді қабылдады. Жиынға облыс әкімінің орынбасарлары мен ауылшаруашылық басқармасы өкілдері қатысты.IMG_8401
Жалпы, Иран — Қазақстанның экономикадағы әлеуетті әріптесі, сенімді серіктесі саналады. Қостанайдың астық импортын қабылдайтын елдердің бірі. Былтырғы жылы бұл елге Тобыл өңірінен 130 мың тонна бидай жөнелтілген. Алайда, астық қабылдаушы ел өкілдерінің Қостанай жайлы ақпараттары аз көрінеді. Облыс әкімі әңгімені әуелі меймандарға Қостанайды таныстырудан бастады. Ауылшаруашылық саладағы мүмкіндіктері туралы түсінік берді.IMG_8433
-Қостанай облысы Қазақстанда ұн өндірісі бойынша 1-орында, майлы дақылдар өндіру жөнінен 3-орын алады. Өңір индустриялы-аграрлық бағытта дамуды оң жолға қойған. Инвестиция тарту, мемлекеттік бағдарламалар арқылы шағын және орта бизнесті дамыту — басты назарда. Ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеуге екпін салынып отыр. Тек бұл мақсатқа технологиялардың талапқа сай жаңартылғаны ғана керек. Көп зауыттар 30 жыл бұрын салынған. Бұл да жүре келе шешімін табатын мәселелер,-деді өңір басшысы.
Иранның АШМ өкілдеріне А.Мұхамбетов өз кезегінде ұсыныстарын айтты. Біріншіден, ирандықтарға бидай сатып алу көлемін ұлғайтуды ұсынды. Өйткені облыстың 2 немесе 3 млн. тоннаға дейін астық экспорттауға әлеуеті жетеді. Екіншіден, оларға біздің өңірде бидай, майлы дақылдар егіп, өңдеп, өздеріне және басқа да елдерге экспорттауға келісім беретіндігін айтты. IMG_8445
-Қазіргі таңда жерлестеріңіз — "КазИрАгро" компаниясы Жітіқара ауданы маңынан жер алып, егін егуге кіріскелі отыр. Сіздердің де бізбен әріптес болуларыңызға мүмкіндіктеріңіз бар. Заңды түрдегі бәссаудаға жерді қоямыз. Өз технологияларыңызбен өнім алуларыңызға жол ашық болады. Іргелес жатқан Ресей нарығы ауқымды. Кедендік посттарда кедергі жоқ. Оның үстіне, ішкі нарығымыздың өзі де анау айтқандай шағын емес. Инвесторларды қабылдайтын арнайы аймақтық орталық құрмақшымыз. Жалпы, облысқа инвестиция құю, өзара әріптестік, сауда сәтті жүзеге асады деп ойлаймын, -деп түйді өңір басшысы. IMG_8424
Мұнан соң сөз алған мейман Сеит Али Акбар Хюсейни өзінің тілек-талаптарын жіпке тізді.
-Қазірдің өзінде Иран үкіметі көптеген мемлекетпен келелі келіссөздер жүргізіп, фермерлер жұмысқа кіріскен. Соның ішінде Қазақстанға бөлініп отырған назар ерекше. Жылына 250 мың тонна астық енгізсек, соның белгілі бір үлесі сіздерге тиесілі. Біздің елде майлы дақыл өнімдері жетіспейді. Майы да, тұқымы да. Иранда егіс технологиясы жақсы дамыған. Мақсатымыз айқын — басқа елдерде өзіміз өнім алғымыз келеді. Сіздердің заң жүзінде қолдап-қуаттауларыңызбен Қостанайда жұмыс бастағымыз келеді,-дейді Хюсейни мырза.IMG_8347
Ирандық инвестор Қостанайдан құнарлы жер сұрайды. Үш жыл бойы Тобыл топырағына майлы дақылдар тұқымын салып көргісі келеді. Сөз соңында бұл жиынның олар үшін маңызы аса зор екенін айтып, алдын ала алғысын білдірді. "Ирандықтар да сіздердей меймандос халық, бізге қонаққа келіңіздер" деді.
Толығырақ газетіміздің алдағы санынан оқи аласыздар.
 
Жандос Жүсіпбек.
Суреттерді түсірген Айбек Жүзбай.  
 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓