Жеңімпаздар

Әулиекөл ауданында  Кеңес Одағының Батыры Сұлтан Баймағамбетовты еске алуға арналған 1996-1998 жылғы жасөспірімдер арасында самбо күресінен облыстық  турнир өтті.
IMG_7425Облысымыздың барлық ауданы мен қалаларынан келген спортшылар өз бақтарын сынады. Осы жарысқа Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай академиясының спортшы тыңдаушылары да  қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Аталған жарыста өз шеберліктерін көрсетіп, 65 келі салмақ дәрежесінде Байдәурен Чуюнбаев қола жүлдегер, 75 келі салмақта Руслан Кәрімов күміс жүлдегер, 87 келі салмақта Бекболат Аслан күміс жүлдегер,  81 келі салмақта Нұрәлем Арыстанов алтын жүлдеге ие болып, жарыс жеңімпазы атанды.  Спортшыларды жан-жақты дайындап, жаттықтырған самбо, қазақ күрестерінде танымал спорт шебері, жауынгерлік және дене дайындығы кафедрасының аға оқытушысы, полиция майоры  Руслан Тәнкібаев және самбо, дзюдо күресінің спорт шебері, полиция капитаны Ержан Қабидулинов аталған жарыстың бас төрешілері болды.
 Біз жарыс туралы жауынгерлік және дене дайындығы кафедрасының аға оқытушысы полиция майоры Руслан Сайлауұлынан  ой бөлісуін  сұрадық.
– Руслан аға, аталған жарыс қалай өтті деп ойлайсыз, шәкірттеріңіз үмітіңізді ақтай білді ме?
– Енді,  бұл самбо күресі Қостанай облысында үлкен деңгейде дамыған.  Сондықтан да атсалысып, ұйымдастырып, қолдау көрсететін ағаларымыз баршылық.  Тыңдаушыларымыздың жеңіс тұғырына көтерілгені, әрине, қуанарлық жағдай. Спорттың бұл түріне  Қостанай академиясы да үлкен мән беріп отыр. Неге десеңіз академия басшылығы болашақ офицерлердің  тағылымды тәлім-тәрбие, білім  алуымен қатар  олардың дендері сау, спортпен шұғылдануына да жағдай жасап отыр. Оларға қолдау, көмек көрсетудің нәтижесінде республикалық, облыстық және жергілікті деңгейде өткізілетін сайыстарға  тыңдаушы спортшыларымыз  қатысып, өздерінің спорттық дәрежелерін шыңдап отыр. Академиямыздың  бастығы полиция полковнигі Мейірлан Қызыловқа бізге қолдау көрсеткені үшін алғысымызды білдіреміз. Жеңімпаз спортшыларымыз 1 курс тыңдаушылары болғандықтан, олардың бағындырар белестері, асатын асулары алда. 
Асан БАҒДАУЛЕТ,
ҚР ІІМ Қостанай академиясының   

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓