БЕЙБІТ КҮННІҢ ҚАДІРІН БАҒАЛАЙ БІЛЕЙІК

1978 жылдың сәуірінде Ауғанстанда орын алған төңкерістің соңы қырғи-қабақ соғысқа ұласты. Соғыс тек ел төңірегінде ғана емес, оған сырт мемлекеттердің қатысуымен ұзаққа созылды. «Интернационалдық көмек ретінде» деп айтылғанымен бұл, шын мәнінде, КСРО Қарулы Күштерінің Ауған жеріне басып кіріп, оның ішкі істеріне қол сұғуы еді.IMG_9921
1979 жылы басталған соғыс 10 жылдай уақытқа созылып, оған 620 мың әскер қатыстырылды. Қазақ жерінен майданға аттанған 22269 сарбаздың 920-сы опат болса, 21-і іс-түссіз жоғалды. 1015 жауынгер түрлі дәрежедегі дене жарақатын алып, Отанына мүгедек боп оралды. Соның ішінде кеншілер қаласынан барған 246 өрімдей жас жігіттің 5-і сол жерде қаза тапты.
Бүгінде соғыс аяқталып, Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылған 15-ақпанды отандастарымыз жыл сайын Жеңіс мерекесі ретінде атап өтеді. Сондай мерекелердің бірі Рудный қалалық тарихи-өлкетану мұражайында ұйымдастырылды. Алдымен ардагерлер мен қала тұрғындары мұражай жанындағы Ауған жауынгерлеріне арналған ескерткіштің басына жиналды. IMG_9931Мұнда соғыста қайтыс болған 5 рудныйлық сарбаздың құрметіне үнсіздік жарияланып, гүл шоқтары қойылды. Одан кейін дәстүрге сай жиналған қауымды қалалық ішкі саясат бөлімінің жетекшісі Алмат Жылыспаев, қорғаныс бөлімінің басшысы Орал Имашев пен Ауған соғысы ардагерлері кеңесінің төрағасы Петр Бурцев құттықтап, жүрекжарды лебіздерін білдірді.IMG_9917 Сондай-ақ бір топ ардагер соғыста өз басынан өткен оқиғаларды әңгімелеп, бейбіт күннің қадірін бағалай білуге шақырды. Кезек музыкалық нөмірлерге берілгенде Рудный политехникалық колледжінің жанында құрылған «Арлан» әскери-патриоттық клубының жастары қолына домбыра мен гитараларын алып, кездесуді әрлендіре түсті.
Шара соңында Ауған соғысының ардагерлері мен жастар естелік суретке түсті.
 
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓