Огнен Красич өз отанына оралды

Қостанайлық "Тобыл" клубының бұрынғы жартылай қорғаушысы Огнен Красич өз отанына оралып, "Вождовац" клубымен келісім-шартқа отырды, деп хабарлайды Kazfootball.kz порталы. 5ZeeRvHsORc2015 жылдың соңында Огнен Красичтің "Тобыл" клубымен келісім-шарт мерзімі аяқталды. Содан кейін футболшы еліне оралып, бірнеше уақыт клубсыз жүрген. Бүгін "Вождовац" клубының ресми сайты таратқан мәлімет бойынша, футболшы белградтық клубпен келісімге келіпті. Келісім-шарт мерзімі — бір жыл.  Айта кетейік, 27 жастағы жартылай қорғаушы "Тобыл" сапына 2012 жылы қосылып, қостанайлық клуб сапында үш маусым өнер көрсетті.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓