Үй өртеніп, иесі ішінде қалды

Қарабалық ауданына қарасты Станционный ауылындағы Бейбітшілік көшесінде тұрғын үй өртеніп кетті.  Сол уақытта үйден шығып үлгере алмаған 43 жастағы азаматша тілсіз жаудың құрбаны болды.DSC_01351
Аудандық ТЖБ мәлімдеуінше, саманнан салынған үй қаза тапқан әйелдің бауырына тиесілі болған. Марқұм сол үйде соңғы бірнеше жыл паналап келген. Қайғылы оқиғадан бұрын баспананың жылыту құбырлары мұздап қатып қалған. Үй егесі құрбысы екеуі жібітудің амалын іздеп, пеш қазандығын тұтатуға тырысқан. Бірақ бұл әрекеттері кері әсер беріп, қазандық жарылып кеткен. Жалындаған ағаш отын және шоқтанған көмір бөлмеге шашырап, өрттің тұтануына себепкер болған. Құрбысы сол бөлмеде қалған үй егесін тауып үлгерген, алайда қою түтін мен улы газ оны далаға сүйреп шығаруға мүмкіндік бермепті. Лажсыз терезені сындырып өз-өзін құтқаруға тура келген. Марқұмның денесін тысқа шығару өрт ауыздықталғаннан кейін ғана мүмкін болды.
Өлімнің нақты себептерін сараптама нәтижелері көрсететін болады. Ал өртеніп кеткен үй, өрт сөндірушілердің бағамдауынша, қайтадан қалпына келтіруге жарамайды.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓