Әжемнің сөзі ой салды

Қазіргі күнде жастар көп ажырасып жатыр деп дабылдаймыз. Дейміз де, қол қусырып отыра беретініміз бар. Бұл жақсы жаңалық емес, әрине. Осы орайда, өзгенің өмірі біреулер үшін сабақ болар ма екен деген мақсатпен өмір жолынан мысалдармен бөлісіп отырмыз. Мен жас келінмін. Өзге отбасына сіңісіп кету өте қиын екенін босағаны аттағанда түсіндім. Бірақ тырысып жүрмін. Менің айтарым өзге дүние. Мүмкін біреуге қызық болар.  Жолдасымның әжесінің көзі тірі. Ол кісі сондай байсалды. Үйімізге келе қалғанда сабақ болсын дей ме өмір жолынан сыр шертіп, әңгімелер айтып отыратын. Бірде әжеміз былай деді:ac0cecf6f4c1e0f648e808fd2a1e0ce2"Тұрмысқа ерте шықтым. Не-бәрі 17 жаста едім. Үйде ата-енем бар. Білгенімнен білмегенім көп. Отбасының оны-мұны шаруаларын бірден алып кете алмай көзімнің сорасы ағып көп жылайтынмын. Одан қалды бауырымда балам бар. Қазіргі келіндердің өміріне мен қызыға қараймын. Ол кезде ене деген жұмсақ болмайтын. Бірде енем қатты сөздер айтып, ұрыстың астына алды. Мен де шыдай алмай баламды құшағыма алдым да, сол ауылда тұратын ата-анамның үйіне қарай тұра жүгірдім. Көзімнен жас парлап еңіреп барамын. Бір кезде жол бойында бір қарт кісі тоқтатты. Мені көре сала "қайда барасың, қалқам" деді. Мен үндей алмадым. Қария менің түрімді көріп, ойымды түсіне қойды ғой деймін. "Қайта келген қыз жаман. Үйіңе не бетіңмен бара жатырсың. Онда сені күтіп отырған жан бар ма, әлде ұят дегенді білмеймісің" деп ақырын айтса, да қатты айтты. Кілт тоқтап, ойланып қалдым. Тұрып-тұрып, ілбіп басып үйіме қайта оралдым. Ештеңе болмағандай шаруаға араласып кеттім. Содан қайтып не көрсем де "үйге кетемін" деген емеспін. Сол кісінің сөзі маған өмірлік сабақ болды," деп жымиды әжеміз. 
Бүгінде бір әулеттің анасы болып отырған әжемізді осындай айтады деп ойламадым. Шынымен де кей кезде ашуға салынып кетпей, сәл тоқтап, ойлансақ, ажырасу азайып, жас келіндер түбі  бір  әулетті  басқарған  ақ жаулықты ана болар ма еді. Кім білген. Қалай ойлайсыздар?  
 
Толқын Нұржігіт.
Қостанай қаласы.
 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓