Облыста барлық деңгейдегі әкімдердің халық алдында есеп беруі басталды

Елбасының Жарлығына сәйкес Қостанай облысында барлық деңгейдегі әкімдердің халық алдында есеп беру жиындары басталды.
Облыс көлеміндегі селолық округтердің, қалалар мен аудандардың әкімдерінің жыл сайынғы халықпен кездесуі 14 қаңтар мен 11 ақпан аралығында өтеді. Кездесуде олар аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және келешектегі даму жоспарлары туралы баяндама оқып, жиынға қатысушылардың сұрақтарына жауап береді. Бірінші болып халық алдында селолық округ әкімдері есеп береді. Ал 2 ақпаннан бастап қала мен аудан әкімдері кездесу өткізеді. Бұл кездесулер облыс әкімінің немесе оның орынбасарларының бірінің қатысуымен өтеді. 
Барлығы 612 есеп беру кездесуін өткізу жоспарланған. Кездесулер облыс әкімі А.Мұхамбетовтың халық алдында есеп беру жиынымен қорытындыланады.
Естеріңізге салайық, 2015 жылы 615 кездесу өткізіліп, бас-аяғы 52 мыңнан астам адам қатысқан болатын. Жиын барысында облыс тұрғындары тарапынан 1500-дей сұрақтар қойылып, ұсыныстар айтылған еді. 
 
Қостанай облысына қарасты қала мен аудан әкімдерінің 2016 жылы өткізетін халық алдында есеп беру кездесулерінің кестесі
Аймақ
Датасы
мен өткізу уақыты
 
Өтетін орны
Алтынсарин ауданының әкімі
02.02.2016 ж.
сағ.16.00 
Аудандық Мәдениет Үйі
Лисаков қаласының әкімі
02.02.2016 ж.
сағ.11.00 
         Мәдениет сарайы
Меңдіқара ауданының әкімі
02.02.2016 ж.
сағ.11.00 
Аудандық Мәдениет Үйі
Ұзынкөл ауданының әкімі
02.02.2016 ж.
сағ.11.00
Аудандық Мәдениет Үйі
Әулиекөл ауданының әкімі
03.02.2016 ж.
сағ.15.00
Аудандық Мәдениет Үйі
Науырзым ауданының әкімі 
04.02.2016 ж.
сағ.15.00
          Орта мектеп Акт залы
Федоров ауданының әкімі
04.02.2016 ж.
сағ.11.00
Аудандық Мәдениет Үйі
Қарабалық ауданының әкімі
4.02.2016 ж.
сағ.15.00
Аудандық Мәдениет Үйі
Қостанай қаласының әкімі
 
05.02.2016 ж.
сағ.15.00
Қостанай қалалық балалар шығармашылығы мектебі
Жітіқара ауданының әкімі
08.02.2016 ж.
сағ.11.00
Аудандық Мәдениет Үйі
Қамысты ауданының әкімі
08.02.2016 ж.
сағ.15.00
Аудандық Мәдениет Үйі
Жанкелді ауданының әкімі
09.02.2016 ж.
сағ.12.00
Аудандық Мәдениет Үйі
Аманкелді ауданының әкімі
09.02.2016 г.
сағ.16.00
Аудандық Мәдениет Үйі
Сарыкөл ауданының әкімі
9.02.2016 ж.
сағ.11.00
Аудандық Мәдениет Үйі
Қарасу ауданының әкімі
9.02.2016 ж.
сағ.15.00
Аудандық Мәдениет Үйі
Рудный қаласының әкімі
10.02.2016 ж.
сағ.15.00
     Қалалық әкімдік ғимараты
Арқалық қаласының әкімі
10.02.2016 ж.
сағ.12.00
     Жас көрермендер театры
Таран ауданының әкімі
11.02.2016 г.
сағ.11.00
Аудандық Мәдениет Үйі
Денисов ауданының әкімі
11.02.2016 ж.
сағ.15.00
Аудандық Мәдениет Үйі
Қостанай ауданының әкімі
11.02.2016 ж.
сағ.15.00
Аудандық Мәдениет Үйі
 
 
Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓