Еңбеккерлерімен ерекше Ұзынкөл

Облысымыздың құрылғанына 80 жыл толуын  мерекелеу аясында  «Еңбек Даңқы кітабы» басылымын дайындау бойынша өңірімізде облыстық  эстафетаны өткізу жалғасу үстінде.  Өткен жылдың желтоқсан айында салтанатты түрде Сарыкөл ауданынан Ұзынкөл ауданына эстафета табысталған еді. Енді міне, «Еңбек Даңқы кітабын» салтанатты түрде  аудандық мәдениет үйінде қарсы алды.  DSC_2656 Салтанатты шараға облысымыздың, ауданның, одан қала берді республикамыздың өркендеп, қарыштап дамуына өз үлестерін қосқан  еңбек ардагерлері, әр сала бойынша еңбегі сіңген қайраткерлер, облыстық басқармалардың басшылары,  жергілікті атқару органдарының өкілдері, ерен еңбегімен танымал болған  абзал жандар, еңбеккерлер қатысты.  DSC_2627Осы арада «Еңбек Даңқы кітабы» жобасын  облыстық ішкі саясат басқармасы, ардагерлер кеңесі, мемлекеттік архив басқармасы бірлесіп қолға  алғандығын айта кеткеніміз жөн.   Сол секілді жобаның басты мақсаты — еңбек дәстүрлерін сақтау, жастардың бойында адамгершілік және патриоттық сезімді тәрбиелеу, өз Отанының өткеніне, бүгінгі және  келешек құндылықтарына аса құрметпен қарап, аға буын өкілдеріне, еңбек ардагерлеріне деген мақтаныш сезімін нығайту. Ал, осы «Еңбек Даңқы кітабы» Ұзынкөл ауданынан соң Алтынсарин ауданына табысталатын болады.
Ұзынкөл өңірінде нағыз еңбек майталмандары еңбек етеді. Социалистік Еңбек Ері атағын  бес ұзынкөлдік иеленген. Бүгінде орденді ардагерлер,  тамаша  әр саланың еңбек өкілдері әлі де өз үлестерін қосуда.  «Еңбек Даңқы кітабына» Ұзынкөл өңірінің еңбек шежіресінен сыр шертетін еңбек адамдары жайлы мазмұнды да тағылымды материалдар жинақталып, енгізіледі.DSC_2601
Салтанатты шара барысында  аудан әкімі Қ.Сәрсембаев осы шараның  Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл  толу қарсаңында «Еңбек Даңқы кітабының» жобасы ең алдымен жастарымыздың бойына патриоттық сезімді қалыптастыруға, өз еліне, жеріне, туған өлкесіне, әсіресе еңбекті қадірлеуге жетелейтіндігін атап өтті.   Іс-шара аясында  ұзынкөлдік өнер майталмандары жиналғандарға арнап өздерінің өнерлерін тарту жасады.
 
Гүлназым САҒИТОВА
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓