Су сапасы сын көтермейді

Тобыл өзеніндегі су сапасы мамандарды алаңдатып отыр. Экологтар ағынды суды тазарту жобасын әзірлеу үшін  облыс басшылығынынан бес млн.теңге сұрайды.
Бүгінгі күннің биігінен қарасақ, бұл өте  қажет шара екендігі онша дау тудыра қоймас. Мәселе мынада: өткен ғасырдың сексенінші жылдары жабылып қалған мыс-аммиак зауыты өндіріс қалдықтарын өзенге лақтыра берген. Соның салдарынан Тобыл әбден ластанған көрінеді.571065090
-Департамент жүргізген мемлекеттік мониторинг нәтижелері бойынша,  қалдық жиналған маңдағы су түбінде адам ағзасына қауіпті мыс концентраттарының мөлшерден тыс көп екендігі анықталған. Осы экологиялық проблеманы түбегейлі шешу үшін жергілікті қазынадан ақша қарастыруыңызды сұраймыз. Егер тиісті қаржы қолымызға тисе, онда әрі қарай ҚР Энергетика министрлігіне қарасты «Жасыл даму» АҚ арқылы жұмысты жалғастырар едік,-деді облыстық экология департаментінің басшысы Азамат Әлімбаев.
Рудный қаласында да дәл осыған ұқсас жағдай  қалыптасқан. Ондағы Соколов су жинағыш тоғаны әбден ластанған. Алда-жалда бөгетті су шайып кетсе, Тобыл өзені ластануы мүмкін. Соколов су жинағышындағы қалдық суларды соратын насос істен шыққалы жағдай үлкен проблемаға айналып тұр. Өйткені, су деңгейін төмендетіп, бөгетті аман сақтап қалу үшін қалдық суды маңайдағы ой-шұңқырға ағызып жіберу туралы шешім қабылдаған еді, бірақ бұған  экоология заңнамаларымен тікелей тиым салынған.
-Қазіргі таңда су жинағыш тоған иесіз тұр. Бұл жер — Рудный қалалық әкімдігіне тиесілі. Насос стансасы мен су жүретін коллектор қаланың ТКШ бөліміне қарайды. Ал әбден тозығы жеткен жеті шақырымдық құбыр жедел ауыстыруды қажет етеді. Егер насос істен шықса, Тобыл өзені қалдық суға толып кетуі мүмкін. Бұл, өз кезегінде, ауыз судың ластануына әкеп соқтарары сөзсіз,-деп атап көрсетті Азамат Әлімбаев.
Облыс әкімі бұл мәселені шешуге көмектесетінін жеткізді.
 
Әлібек ЫБЫРАЙ

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓