Өткен жылы 858 тұрғын үй өртке оранған

2015 жылы Қостанай облысында 1279 өрт болды, оның ішінде 858 өрт тұрғын үй секторында, тілсіз жау салдарынан 39 адам қайтыс болды.
-Қайғлы оқиға отты абайсыз қолдану салдарынан, пешпен жылыту кезінде өрт қауіпсіздік ережелерін бұзу, электр құралдары мен электр жүйелерін пайдалану кезінде болды,-дейді Қостанай облысы ТЖД бас маманы, азаматтық қорғау майоры Бақыт Мұқанова.DSC05904
Қатып қалған су өткізгіш трубаларды дәнекерлегіш лампалармен жылытуға, тиым салынған орындарда темекі шегуге, жарамсыз жылытқыш және тұрмыстық электр құрылғыларын қолдануға болмайды.
Электр құрылғылары мен сымдардың жарамдылығына аса көңіл бөлу қажет. Жарамсыз және бұзылған розеткаларды, қосқыштарды, патрондарды ауыстырыңыздар. Зауытта шығарылған сақтандырғыштың орнына қолдан жасалған «жучок» түріндегі ергіш қондырғыны қолдануға өте қауіпті.DSC05911
Өрттің жиі себептері электр жүйелерінің шамадан тыс жүктелуі, қысқа мерзімге тұйықталу және қатты өткізгіштік кедергісі болып табылады.
Есте сақтаңыздар, электр жүйесіне қатты толқынды бірнеше үлкен қуатты электр көздерін қосу — оның шамадан тыс жүктелуіне әкеліп соғады.
 
Қостанай облсының ТЖД

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓