Білім — жастар азығы

Жыл он екі айдың қаңтарының алғашқы аптасында  мектеп оқушыларының жалпы білім беретін пәндері бойынша республикалық  олимпиадасының облыстық кезеңі басталады. Пәндер жарысы  гуманитарлық және  жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша жүргізіледі.  IMG_3267 Қостанай қаласындағы №1 орта мектебінде гуманитарлық бағыт бойынша  өтіп жатқан пән олимпиадасын облыстық білім басқармасы жетекшісінің орынбасары Шолпан Байжанова ашып, оқушыларға сәттілік тіледі.  IMG_3291Оның айтуынша, пән олимпиадасының барлық кезеңдерінде  ең үздік көрсеткіштерге жеткен жеңімпаз оқушы  мемлекет тарапынан бөлінетін және де  республикамыздағы жоғары оқу орындарының арнайы білім грантына ие болмақ,   сондықтан да оқушылар білім сынынан сүрінбей өтіп, өздерінің  терең білімдерін көрсетулері керек.IMG_3287
—  Пән олимпиадасына қазақ тілі мен әдебиет пәні бойынша осымен екінші рет қатысып отырмын.  Өткен жылы төртінші орынға ие болдым. Дайындығым жаман емес. Пән мұғалімім Гүлбаршын Төрегелдина   көп көмектесті.   Ұзынкөл ауданы мектептерінен барлығы жеті оқушы қатысып отырмыз, оның екеуі  Қостанай қаласындағы №2 орта мектебінде өтетін жаратылыстану-математикалық бағыттағы, бесеуіміз гуманитарлық пәндерден сынға түспекпіз. Жақсы көрсеткіштерге жетеміз деп ойлаймын,-деді Обаған орта мектебінің оқушысы Жанерке Қабитанова.
 
 
 
Екі күн бойы  жоғары сыныптың  бес жүз жиырма оқушысы  барлық он төрт пән бойынша сынға түсіп, бақтарын сынайды. Ең мықты  оқушы республикалық  пән олимпиадасына жолдаманы жеңіп алмақ.
— Оқушы балаларымыздың даярлығы  жақсы деп айта аламын.  Пәндер сайысына ауданнан он бір оқушы қатысып отыр.  Пәндер жарысындағы  көрсеткіштеріміз де жоғары. Екі жылдан бері аудандар арасында Меңдіқара ауданы бірінші орында келеді. Оқушыларымыз  жүлделі орындарға жетіп, республикалық кезеңнің жолдамасынан үміткерлердің бірі болады деп ойлаймын.   Осы олимпиадаға қатысып отырған  Ғ. Жұмабаев атындағы орта мектебінің  оқушылары Динара Таймасова мен Қымбат Нұрабаева «Алтын белгіден» үміткер, басқа оқушылар да осал емес. IMG_3282Білімдерін жақсы жағынан көрсететіндіктеріне сенімдімін,-деді Ғ.Жұмабаев атындағы орта мектебінің  мұғалімі, топ жетекшісі Гүлнәр Кенешпаева.
 
Гүлназым САҒИТОВА
Суретті түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓