Ардагерлерді жаңа жылмен құттықтады

Қостанай қаласының әкімі Базыл Жақыпов жаңа жыл мерекесінің қарсаңында соғыс және еңбек ардагерлерін құттықтап, Елбасының атынан сыйлықтар тарту етті.IMG_9194Шаһар басшысы ең алдымен соғыс ардагері Михаил Подоляковтың үйіне барды. Биыл 90 жасқа толып отырған Михаил Иванович майдандағы жан алысып, жан беріскен отты жылдардың естеліктерін айтып, жастарды кітап оқуға шақырды. Ардагер Ұлы Отан соғысында Курск шайқасы мен Корсунь-Шевченков операциясына қатысқан. 1948 жылдан бастап Қостанай облысындағы статистика басқармасында еңбек етті. 1962-1992 жылдар аралығында аталған басқарманың басшысы болып қызмет атқарды. Одан кейінгі 15 жылда қалалық ардагерлер кеңесінде төраға болды. Мерейтой иесі 90 жасқа дейін әр салада еңбек етті. Сондықтан, биыл торқалы тоқсанға толуына байланысты, өз еркімен қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы қызметінен кетті. IMG_9199Қостанай қаласының Құрметті азаматы күні бүгінге дейін салауатты өмір салтын ұстанады. Аптасына бір мәрте моншаға барып, күніне бір жарым сағат дене шынықтырумен айналысады. Спорт пен еңбекті ұштастыра білген ақсақал «өмірдің мәні  адагершілікте» дейді.
-Әркімнің маңдайына түрлі тағдыр жазылады. Ал дұрыс таңдау жасау — өз қолыңда. Мен өмір бойы еңбек еттім. Енді демалатын уақыт жеткен секілді. Өткенге өкпем жоқ. Заман — жастардікі. Әр уақыттың өзіндік артықшылықтары болады. Ең бастысы, жас ұрпақ талмай ізденіп, білім алудан жалықпаса екен. Ғаламторды пайдаланған дұрыс, ол — адамзат ақыл-ойының алға басқанының дәлелі. Бірақ, кітап оқуды ұмытпау керек,-деді ардагер Михаил Подоляков. IMG_9187Қала әкімі қас батыр атанған ардагер Қасымхан Алдабергеновтың да үйіне барып, атаның ақ батасын алды.IMG_9209 ҰОС жылдары екінші және үшінші Украина шайқасына қатысқан Қасымхан Алдабергенов соғыстан кейінгі жылдары облыстық «Қостанай таңы» газетінде журналист болып қызмет етті. Қазіргі күні газет редакциясында Қасымхан атаның суреті ілулі тұр және оның есімі шығармашылық ұжымның тізімінде бар.IMG_9228-Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне денсаулық, күш-қуат тілеймін. Бұл кісілердің балалық, жастық шақтары қиын кезеңге тап болды. Батыр бабаларымыздың Отанға деген ерліктерінің арқасында біздің бағымызға бейбіт заман туды. Ардагерлер қалған ғұмырларында еш уайымсыз өмір сүрулері керек,-деді Қостанай қаласының әкімі Б.Жақыпов.IMG_9220
 
Қымбат ДОСЖАНОВА
Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓