Сағы сынған студент…

рус

Руслан ӘЛКЕЕВ,
"Қостанай таңы" газетінің Сарыкөл ауданындағы меншікті тілшісі.

 

 
 
 
 
Біржан бала жастан бар зейінін білімге бөлді. Мектеп пәндерін миына тоқыды, көркем әдебиетті де сүйіп оқыды. Сол сүйіспеншілігі мен ерекше дарын-қабілетінің арқасында сан түрлі сайыстарда бағы жанды. Тек мұғалімдер мен мектептің емес, күллі ауылдың мақтанышына айналды.
Осылайша, сынаптай сырғыған уақыт өтіп жатты. Он бір жыл да көзді ашып-жұмғанша өте шықты. Асқарлы белес – ҰБТ да келіп жетті. Азаннан мектеп алдында қыжынаған адамдар. Түлектердің қарасында қисап жоқ. Басты мақсат – бұл сынақтан сүрінбей, табаны тікенге тілінбей, екілікке ілінбей өту. Оның үстіне мұғалім мен мектеп мерейін, ауыл абыройын асқақтатып, жоғары ұпай жинау. Әсіресе, оларға ата-аналары мен мұғалімдері ақжолтай тілектерін арнап жатыр. Сөйтіп, сарыла күткен сынақ та басталды. Біржан қалай көшбастап кірсе, дәл солай шықты. Он жанбасына сай ұпай жинады. Бар ауыртпалықты артқа тастап, иығынан үлкен жүк түскендей күй кешті. Оның бұл қуанышына ата-анасы мен оқытушылары да ортақтасты. Тіпті, көрші-қолаң, ауылдықтар да ақжарма лебіздерін айтып, қалаған оқуына қиналмай түсуіне тілектестіктерін білдірді. Бәрінен де аса ерекше қуанған ата-анасы бетін қақпай, белін буып өсірген балаларының бақытты сәтін одан сайын дүркіретіп, думандата атап өтті.
Арада бір айдан астам уақыт жылжыды. Бұл күнді тағаты таусыла тосқан Біржан бір дорба құжатын арқалап, қалаға бет алды. Қалаған мамандыққа деген құштарлығы оны ондағы басты оқу ордасына алып барды. Екі өкпесін қолына алып жеткен жас түлектің жүрек лүпілі журналистика деп соқты. Сол арманын шындыққа айналдыру үшін әрі ата-анасының ақ сүтін ақтауды парыз қылып, қалаға құлшына жеткен ол журналистика мамандығына құжаттарын тапсырып, грантқа арыз жазып, ауылға қайтып барды.
Оқуға түскен-түспегендігі бір айдан кейін белгілі болды. Өкінішке орай, ол құлап қалды. Жоғары ұпай жинап тұрып, түсе алмады. Ойда-жоқта сүрініп, сағы сынып, басы салбырап үйіне қайтты. Оны естіген ата-анасының көңілі қанша құлазығанымен, құлаған балаларын аяғынан қайта тұрғызуға тырысты. Жағдайы келмесе де ақылай оқытуға оқталды. Қолдағы барын, қорадағы малын салды. j6UvpWyZMfQЖетпеген жерін ағайын-туыстан алақан жайып алып, бір жыл зорға оқытып шықты. Осы оқуды төлеу үшін әбден ығыры шыққан олар келесі жылға ерте қамданды. Отағасы сол үшін Астанаға жұмысқа аттанды. Ал отанасы болса, ошақ қасында ауылдағы үйреншікті жалдамалы жұмысында жүре берді. Бірақ, тапқан азын-аулақ тиын-тебені шайлығынан артылмады. Кейде күнделікті тамағына да жетпей қалып жатты. Әке байғұс, қалада құрылысқа жұмысқа кіргенімен, көп ұзамай биіктен құлап, ауруханаға түсіп қалды. «Баламның оқуының ақшасы» — деп жүргенде, белінен шойылды. Бар тапқанын ем-домына жұмсады. Ол аздық етіп, әйеліне несие алдыртты. Жыл жарым уақыт жатып, емделді. Денсаулығына байланысты демалысқа шықты. Ал, Біржан болса, екінші курсына аяқ басты. Сессия уақыты да таяп қалды. Оқудың ақшасын төлеу керек. Аз сомма емес, әрине. Басты қатырған мәселе – осы. Онсыз сессияға кіргізбейді. Кіргізбек түгілі, маңына жолатпайды. Ал, сессиядан қалып қойсаң, оның ақшасын кредит санына сай екі-үш есе төлейсің. Бірақ, бұл орайда Біржан да, ата-анасы да шарасыз. Қолдан келер қайраң жоқ… Біржандай білімді студент сағы сынып, ауылға қайтты. Ол үшін сәтсіз басталған оқу осылайша сәтсіз аяқталды.
 
 

Читайте также:

1 комментарий

  1. Сара Жақсылық:

    менің де басымда осындай жағдай болған.мектеп бітіре сала журналистикаға құжаттарымды тапсырып,бүкіл сынағынан сүрінбей өттім. жоғары ұпай алғандардан алмас деген бала және мен.сол кездерде күні-түні тілейтінім грант. себебі,ондай қымбат оқуға жағдай болмайтын еді. бірақ, өкінішке орай өте алмай қалдым. кму-дың журналистика факультетінің орыс бөліміне 2 грант бөлінген де, қазақ бөліміне бөлінбепті. енді қайттім?! арман-қиялдарымның бәрі де бір күнде қирады. ал мен сияқты сарсаңға түскен жастар қаншама! сөйтіп сол күні-ақ құжаттарымды қмпи-ға апарып тапсырдым.себебі, кейде грантта бос орындар боп қалады екен.соған үміттімін. ал қму-да журналистика мамандығындағы грант ілуде біреу. тіпті жоқ деуге де болады. ата-аналар балаларының қанатын қайырмайын оқысың,білсің деп жан ұшыра тырмысып жүреді.ал оқу ақысы жылдан жылға шарықтап барады.дағдарыс деп тағы оқу ақысың көтеріп жібермесе екен,басты қайғы сол болайын деп тұрған сияқты…

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓