Иықтан шашы төгіліп жерге…

Бүгін «Қостанай таңы» облыстық газеті жыл басынан бастап ұйымдастырған «Бұрымды арулар» байқауы қорытындыланды. Байқауға ұзын саны 12 өтініш білдірілген. Облыс орталығының ғана емес, алыс-жақын аудандардың да бұрымды бойжеткендері фотосуреттері мен өздері туралы мәліметтер жолдаған-ды. Бүгін қатысушылардың барлығы редакция ғимаратына жиылды.IMG_2676

IMG_2688Бірінің көркі бірінен басым бұрымдылар ақырғы рет сыналды, салыстырылды.  Жанұзақ Аязбеков бастаған редакцияның ер-азаматтары үміткерлерге баға берді. Ақылдаса келе, жеңімпаз аруларды үш аталым бойынша марапаттау ұйғарылды.IMG_2700«Бұрымды қыз» аталымы, яғни байқаудың 1-орны Әлем Егізбайға бұйырды. Бұдан кейінгі «Қолаң шаш» номинациясын Меңдіқара ауданынан келген 11-сынып оқушысы Гүлнұр Ибраева жеңіп алды. «Сүмбіл шаш» аталымындағы 3-орынға Мәдина Қабидолла лайықты деп табылды.IMG_2713

IMG_2818

IMG_2742Өзге де қатысушылар марапатсыз қалған жоқ. Алғыс хаттар мен сый-сияпаттар табыс етілді. Бас редактор Ж.Аязбеков бұрымды аруларға алғысы мен жылы лебізін жолдап, әрқайсысына "Ағайындар арасында" атты кітабының және екі күн бұрын ғана жарық көрген «Кие мен Ие» атты кітабын берді.

IMG_2758

IMG_2774

IMG_2797

IMG_2800

IMG_2764

IMG_2917Айта кетейік, «Бұрымды арулармен» қоса «Біздің жігіттер» атты жасөспірімдер байқауының қатысушылары да марапатталды. Бұл байқаудың кейіпкерлері атанған төрт жігітке бас редактордың орынбасары Сәлім Меңдібай алғыс хат табыстап, батасын берді.IMG_2847

IMG_2827

IMG_2841

IMG_2859

IMG_2922

IMG_2899

IMG_2938

Жандос Балғынбекұлы
Суреттерді түсірген Айбек Жүзбай

Читайте также:

1 комментарий

  1. Сабыр:

    Керемет, мұндай сайыстар жиі өтсін!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓