Үздік тауар иесі атанды

        Астанада «Қазақстанның үздік тауарлары» конкурс-байқауының лауреаттары марапатталды. Олардың ішінде қостанайлық кәсіпорындар да бар.
            Мәселен, «Ең үздік азық-түлік тауары» аталымында жүлделі екінші орынды Қостанай ауданындағы «Аян-Озат» ЖШС иеленді. Кәсіпорын облыс тұрғындарына аса танымал «От Разумовича» тауар маркасымен саудаға шығарылып жүрген ет өнімдерін, шұжық және басқа да жартылай фабрикаттарды өндіреді.премия
            -Байқау «Алтын Сапа» және «Парыз» сыйлықтарын тапсыру рәсімімен бір мезетте өткізілді. Оған Елбасы Н.Назарбаевтың өзі қатысты. Шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғаны көрініп тұр.
             Біз енді мұнымен шектеліп қалмаймыз, алдағы уақытта да  тұтынушылардың сенімінен шығатын боламыз,-дейді «Аян-Озат» ЖШС директоры Светлана Турук.Розумович (на региональном конкурсе) (1)
            Естеріңізге сала кетейік, кәсіпорын өңірлік байқауда  бірінші орынды жеңіп алған болатын. Өндіріс ошағының басшысы келешекте шығарылатын өнім көлемін ұлғайтамыз деп отыр. Фирма келесі жылы «Алтын Сапа» байқауына қатысуға ниетті.
          Сондай-ақ, «Алтын Сапа» байқауының шеңберінде «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер Палатасының  «Іскер» арнайы сыйлығын Рудныйдағы «Ақ барыс НК» кәсіпорыны еншіледі. Бұл сыйлықты ҰКП Төралқасының төрағасы Тимур Құлыбаев тапсырды. Үстіміздегі жылы Ұлттық Палата жоғарыда аталған байқауларға ұйымдастырушы ретінде тұңғыш рет қатысты.
 
Әлібек ЫБЫРАЙ
 
 
 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓