Халықаралық бәйге жеңімпазы

Биыл Е83080_453822055________________________________лбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Қазақ хандығының 550 жылдығы кеңінен аталып өтуде. Соған орай «Ақ жол» партиясы Тәуелсіздік күні қарсаңында Қазақ Хандығының 550 жылдығына арналған халықаралық «Ел мен Ер» жыр мүшәйрасын қорытындылап, жеңімпаз ақындарды марапаттады.
Осы жылдың сәуір айында ғана «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС мен Қазақстан Жазушылар одағы жарияланған «Балауса» бәйгесінде Бас жүлде алған газетіміздің тұрақты авторларының бірі, көрнекті ақын, ғалым Серікбай Оспанұлы бұл жыр додасында «Тәуекел хан» атындағы сыйлықты иеленіп, лауреат атанды.
Жыр бәйгесіне еліміздің түкпір-түкпірінен және шетелдерден барлығы 150-ден астам қазақ шайырлары қатысып, 600-ге жуық шығарма іріктелген.
Жеңімпаздарды марапаттау салтанатты жиыны Алматыда Жазушылар Одағының әдебиетшілер үйінде өтті. Бұған «Ақ жол» партиясының жетекшісі Азат Перуашев арнайы қатысып, өзінің тілегін жеткізіп, шайырларға құрмет көрсетті.
 
Нұрболат МЕШІТБАЕВ
Суретте: «Тәуекел хан» атындағы сыйлықтың лауреаты Серікбай Оспанұлы

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓