308 отбасы жаңа жылда қоныс тойын тойламақ

Аймақтық баспасөз клубында өткен биылғы сексен бес брифингтің соңғысы облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Арман Бекеновке бұйырды. Шаһар шырайына жауапты жергілікті атқарушы органның жетекшісі 11 айда атқарылған ауқымды істер мен келер жылы орындалмақ тапсырмаларды баяндады.IMG_1442
Баспанамен қамту ісі сәулет және қала құрылысы басқармасының қарауында болғандықтан мамандар бұл бағытта аянып қалып жатқан жоқ. Жылдап кезегін күткен 308 отбасы жаңа жылда қоныс тойын тойламақ. IMG_1453
Баспаналы болуға ниетті 23 мың адамның тізімі 1,3 пайызға қысқарып отыр. Мемлекет қаржысы есебінен соғылған Затобол кентіндегі «Нұрай» шағын ауданында, облыс орталығындағы Герцен, Мирошниченко көшелеріндегі үйлер тұрғындар игілігіне берілмек. Жұртшылықты баспанамен қамту мәселесінде «Нұрлы жол» бағдарламасы да өз шапағатын тигізді. Осының іске асуын мынадан байқауға болады. Дәл осы «Нұрлы жол» арқылы «Арман» шағын ауданында 91 пәтер пайдалануға берілген еді. Арман Бекеновтың сөзінше, үй құрылысының 96 пайызы коммерциялық жеке компаниялардың еншісінде. «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» салымшыларына жыл соңына дейін № 3-ші мектеп аумағында тағы да 108 жаңа пәтер кілті табысталады.IMG_1448
Сондай-ақ, Арман Бекенов кездесуде Қостанай қаласындағы жарнамалардың орналасу тәртібіне тоқталдыі.  
— Сыртқы көрнекі жарнамалардың саны жөнінен облыс орталығы көш бастап тұр. Қазіргі таңда Қостанай қаласының әкімдігінде 373 нысан есепке алынған. 175-не рұқсат берілген. Ал жиырма алтысымен келісім-шарт бұзылған. Осылайша, осы күні облыс бюджетіне 98 млн теңге көлемінде ақша түсті,-дейді басшы.
 Келер жылы да сәулет және қала құрылысы басқармасының атқарар міндеті аз емес. Республика бойынша тұрғындарды баспанамен қамту жөнінен Қостанай облысы 5-ші орында келеді. Алайда, бұл көрсеткіш мамандардың көңілін көншіткен емес. 
Кенже ҚОНЫСБАЙ
Суретті түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓