Діни сауат ашу курсы ашылды

Қостанай қалалық мешітінде діни сауат ашу курсының ашылды. Бұл игі бастама бір жағынан, діни білімге жол ашса, екіншіден, жастардың дәстүрлі емес, өзге де жат ағымдар жайлы түсінігін қалыптастырады.IMG_4200
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысының өкіл имамы  Бақытбек Тәжімбет курстың екі айға созылатындығын айтты.  Облыстың әр ауданынан бір топ жастар жиылды. Оларға барлық жағдай жасалған: оқу тегін, күніге үш мезгіл тамақ және түрлі оқулықтар беріледі.IMG_4257
Қалалық мешіттің бас имамы Шоқан қажы Әмірхан оқу бағдарламасымен таныстырып, келушілерге әдеп, білім, Ислам құндылықтары туралы біраз мәліметтермен таныстырды. IMG_4282Алдағы уақытта екі ай бойы мешіт жамағатын иман нұрымен сусындатып, балаларды имандылыққа тәрбиелеу мақсатында Құран әліппесі, имандылық теориялары, Ислам әдебі, Ислам дінінің бастапқы алғышарттары оқытылатынын атап өтті.IMG_4209
— Қазақстанда діни оқу-ағарту жұмыстары енді қолға алынып келеді. Бұл сауат ашу курсы елдімекендердегі имамдарымыздың білімін арттыруға да септігін тигізеді. Араб тілінен дәріс жүргізіледі. Мұның барлығы Алла Тағаланың асыл дінін, оның құндылығын жастарға насихаттау үшін қолға алынған. Бастама бойынша, әуелі, он адам діни курстан өтеді, — деді Шоқан қажы Әмірхан.IMG_4311
Шара соңында Мақсұтхан Шүленұлы ақсақал сөз алып: "Мешіт қызметкерлерінің дін жолындағы атқарып жатқан бастамасына береке, облыс тұрғындарына Алла айнымас иман, қайырлы білім нәсіп етсін!" — деп батасын берді.IMG_4277
IMG_4279
 
Қасқырбай ҚОЙШЫМАНОВ
Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓