Ардагерлер кеңесі есеп берді

«Орбита» ойын-сауық орталығында Республикалық ардагерлер кеңесінің рудныйлық филиалы есеп беру-сайлау конференциясын өткізді. Басты мақсат – үстіміздегі жылы атқарылған жұмыстарға есеп беріп, қалалық кеңес комиссиясының жаңа құрамын бекіту.V3ct31iaUr8
Ардагерлер ұйымының кезекті конференциясына жергілікті атқарушы билік өкілдері, кәсіпорын жетекшілері мен кеңестің 90-ға жуық мүшесі қатысты. Аға ұрпақтың атқарған игі істері туралы кеңестің төрағасы өзі баяндап берді. Сәлімгерей Бексейітов ерекше тоқталған жәйттердің қатарында жастармен жұмыс, Жеңістің 70 жылдық мерекесіне дайындық пен оны тойлау бойынша атқарылған іс-шаралар, Қарттар күніне арналған әлеуметтік қолдау шаралары болды. Ол өз баяндамасында соғыс және тыл ардагерлеріне мереке қарсаңында көрсетілген қамқорлықты да егжей-тегжейлі атап өтті.TgWZj0VK4kg
— Биыл Қостанай облысы әкімінің бұйрығы бойынша 70 соғыс ардагері дәріханалардан дәрі-дәрмек алуға мүмкіндік беретін 25 мың теңгелік сертификаттарға ие болды. Ұлы Отан соғысына қатысушыларға ҚР Үкімет қаулысы бойынша республикалық бюджеттен бір реттік 100 мың теңге, ал жергілікті бюджеттен 150 мың теңге көлеміндегі сыйақы тағайындалды. Сондай-ақ олардың тұрмыс жағдайларын жақсартуға 1327 мың теңге көлемінде қаржы бөлінді. Бұған мерекелік іс-шаралар мен ескерткіштерді жаңғырту жұмыстарын қосыңыз. Осылайша ұйым қаладағы ардагерлердің басын біріктіріп, оларды осындай игі істерді атқаруға жұмылдыруда, — қаланың бас ардагері.
Осы және басқа да бағыттар бойынша кеңес жұмысын қатысушылар қанағаттандырарлық деп бағалады. Алайда жиналыс бұнымен біткен жоқ. Шараның салтанатты бөлімінде кеңесте 15 жылдан астам уақыт қызмет еткен белсенді ардагерлер марапатталды. Олар өз ісімен бүгінгі ұрпаққа үлгі болып келеді. Айта кетерлігі, конференцияда кеңестің құрамы 60-тан 41 мүшеге дейін қысқартылды. Ал ардагерлер кеңесінің төрағасы болып Сәлімгерей Бексейітов қайта сайланды.
 
Қуаныш СЕЙДОЛЛАҰЛЫ
 
 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓