Ең басты мерекеміз — Тәуелсіздік күні

Саяси партиялардың облыстық филиалдарының басшылары қостанайлықтарды ҚР Тәуелсіздік күнімен құттықтады. 
Аймақтық баспасөз клубында өткен кездесуді облыстық әкімдіктің ішкі саясат басқармасы ұйымдастырған болатын. Оған саяси партиялар облыстық филиалдарының басшылары, БАҚ және мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. Кездесуде егеменді елдің құрылуы және даму ерекшеліктері туралы сөз болды.IMG_0954 Сондай-ақ, қостанайлықтарды ҚР Тәуелсіздік күнімен құттықтауға арналған Үндеуге қол қойылды. Мұндай Үндеу осымен үшінші мәрте жарияланбақ. Үндеудің мәтінімен өңірдегі саяси партиялардың өкілдері алдын ала танысқан болатын. 
— Еліміздің басты байлығы — Тәуелсіздік.  Мемлекетіміздің өркендеуі, алға қойған мақсаттарға жетуі Тәуелсіздіктің арқасы. Сол себептен, аса үлкен құндылығымызды сақтай білейік. Аспанымыз ашық, бейбітшілігіміз баянды болсын,-деді «Нұр Отан» партиясы ҚОФ төрағасының бірінші орынбасары Әлия Сапарова.IMG_0962

Қымбат ДОСЖАНОВА
Суретті түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ.
 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓