Бай тарих, баянды болашақ

Ыбырай Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжі өзінің 75 жылдық мерейтойын кең көлемде атап өтті. Тарихы тағылымға толы білім ордасының өткені мен бүгінгісіне көз жүгіртіп, қуаныш иелерін құттықтау үшін Қостанай облысы мен еліміздің түкпір-түкпірінен колледждің бұрынғы оқытушылары мен түлектері жиналды.
Облыс аумағына педагог кадрларды даярлауда дараланған білім ошағы – Меңдіқара педучилищесінің тағылымды тарихы 1940 жылдан бастау алады. Соғыс жылдары мен соғыстан кейінгі ауыр кезеңде халықты ағарту ісін мықтап қолға алған оқу орны 1949 жылы қазақтың тұңғыш ағартушы ғалымы Ыбырай Алтынсаринның есімін иемденеді. Ал 1974 жылы педучилище кеншілер қаласына көшіріліп, жаңа тарихи кезеңге аяқ басады.IMG_8954
«Бәрін кадрлар шешеді» демекші, бүгінде колледж оқу-тәрбие үдерісін заман талабына сай ұйымдастырып, оқытушылар құрамының әдістемілік және кәсіби деңгейін арттыруда, материалдық-техникалық базаны нығайтуда елеулі табыстарға қол жеткізіп отыр. Салтанатты шараға жиналған қонақтар, колледждің бұрынғы ұстаздары мен түлектері осы жетістіктердің куәсі болып, ұжымды атаулы мерейтойымен құттықтап жатты.IMG_8914  -Мен бай тарихы мен тамаша дәстүрлері бар оқу орнында 17 жыл бойы жұмыс істеп, өз заманының белгілі ұстаздарынан тәлім-тәрбие алғанымды мақтан тұтамын. Қайда жүрсем де осында өткен күндерімді сағынышпен еске аламын. Мерейтойға шақырту алғанымда қуанышымда шек болмады. Сондықтан колледж директоры, менің шәкіртім Жомарт Қоңырбайұлы бастаған ұжымға алғысымды айтып, зор денсаулық пен шығармашылық табыс тілеймін, — дейді ҚР Парламенті Сенатының бөлім меңгерушісі Жанна Қайкенова. IMG_8980
Мерекеде білім ордасына ширек ғасыр басшылық еткен қаланың құрметті азаматы Досмағұл Сүймеков, оқу орнының түлегі, белгілі сазгер Ерсайын Уәлиұлы, КСРО халық ағарту ісінің үздігі Светлана Мачнева, колледждің Меңдіқаралық педучилище кезіндегі құрметті педагогтарының бірі Светлана Швыдченко мен облыстық колледж директорлары кеңесінің төрағасы Владимир Мягков сөз сөйлеп, ұжымға өздерінің естелік сыйлықтарын табыстады. Шара соңы қарай қала мен облыстың үздік шығармашылық ұжымдары даярлаған концерттік бағдарламға ұласты.IMG_8946
Айта кетерлігі, колледждің 75 жылдығы қарсаңында жыл басынан бері түрлі деңгейдегі жиындар, мәдени және спорттық іс-шаралар ұйымдастырылып келеді. Солардың ішінде осы колледжде 35 жыл қызмет атқарған Кәләм Байназарұлының 100 жылдығына орай өткізілген халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның жөні бөлек.IMG_8932
Бүгінде аты да, заты да өзгерген білім ордасын бітірген сан мыңдаған түлектер кезінде облыс қана емес, еліміздің түкпір-түкпірінде адал қызмет етіп, училище мерейін асырды. Олардың арасында абырой-атағымен дүйім елге танылған Манаш Қозыбаев, Оразақ Смағұлов сынды академиктер, Социалистік еңбек ері Дүйсенбаев, Шожанов, Әмірханов, Полтавец, Шәкіровалар бар. Бүгінде колледж оқытушылары ұстаздарының ұлы жолын абыроймен жалғастырып келеді.IMG_8900
 
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ
 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓