ТЕРІСКЕЙ АУДАННЫҢ ТЫНЫСЫ

Федоров ауданының әкімі Қайрат Ахметов республикалық, облыстық БАҚ тілшілерімен 2015 жылдың 10 айындағы  өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы  қаузады.
Үстіміздегі жылы теріскей өңірде егін бітік шықты. Федоров ауданының орақ түскен әр алқабын есептегенде, дәнді-дақылдар орташа көрсеткішпен 16,1 ц/га қамбаға құйылған. Жыл басынан бері 25 ауылшаруашылық техникалары сатып алынды.
— Иә, біздің аудан биыл облыста астық шығымдылығы бойынша көш бастады. Көктемгі дала  жұмыстарына белсенді дайындық өткізілді, тұқымдық қор салынды, техниканы жөндеу жұмыстары өткізіліп келеді. Әрине, мамыр айында басталған толассыз жауын-шашын кері әсерін тигізбей қоймады. Ең бастысы, қысылтаяң шақта қол қусырып қарап отырмау керек. Бұл біздің диқандардың қолынан келеді, — деді Қайрат Ахметов.IMG_3892
Өңірдегі экономиканың негізгі үлесін ауылшаруашылығы саласы қамтиды. Биыл ауылшаруашылығының  шығарған  өнімі 17627,3 млн. теңгеге жетті. Федоровта шатқаяқтап тұрған шаруашылықтар да баршылық. Дегенмен, Қайрат Жұмашұлы олқылықтардың орнын толтыруға уәде етті.
Экономикада алға басушылық бар. Мәселен, 2015 жылғы қаңтар – қазан айларында 3 млрд. 880 млн. теңге инвестиция тартылған. Сондай-ақ, аудандағы құрылыс жұмыстарының көлемі  соңғы 10 айда 2 млрд. 388 млн.теңгеге орындалыпты. Есепті кезеңде 1351 шаршы метр тұрғын үй алаңы пайдалануға берілді, бұл өткен жылдың көрсеткіш деңгейінен  әлдеқайда жоғары. Әкімнің айтуынша, жоспарланған әрбір нысанның құрылысы уақытылы аяқталуда.
Өнеркәсіп өндірісі саласында 3299,9 млн.теңгенің өнімі шығарылды, бұл 2014 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 103,4 %-ға артық.
Аудандағы ауыз су мәселесі өз алдына бөлек тақырып. Халықтың небәрі 32,8%-ы орталықтандырылған сумен қамтылған. Мемлекеттік бағдарлама бойынша мердігер «Компания Ерлан» ЖШС 326,5 млн. теңгені игере алмаған. 33,8 млн. теңге көлік инфрақұрылымына бөлінуі себепті ауыз су тапшылығы туындап отыр дейді Қайрат Ахметов.IMG_3909Халықтың  жұмыспен қамтылуы және әлеуметтік қорғалуы  бойынша да бірқатар жұмыстар еңсерілген. 254 жаңа жұмыс орны ашылды. Білім саласын дамытуға да  айрықша мән береді . Биыл 15 балабақша жаңартылды. Ауданда «Дипломмен -ауылға» бағдарламасы бойынша мамандар жұмыс істейді. Оларды баспанамен қамту жағы да қарастырылған.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласына аудан әкімдігі ерекше назар аударады. 7 жылу қазандығы ауыстырылды, 2,5  шаршы шақырым жылу құбыры жөнделді.   
Келесі жылы жалпы сомасы 1 млрд. теңгеге бағаланған Рудный-Качар-Федоров газ құбырының құрылысы аяқталады деп жоспарлануда.
Осылайша, солтүстік-батыс ауданның әкімі үстіміздегі жылдың он айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуды жақсы деп бағалады.
 
 
Қасқырбай ҚОЙШЫМАНОВ
Суретті түсірген Бағдат ТӨЛЕБАЙ.
 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓