Ерлі-зайыптылар есірткімен ұсталды

Бүгін облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот заңсыз есірткі сақтағаны үшін Владимир-Олесия Казаковтарға үкім шығарды.героин
Қылмыстық іс материалдары бойынша, 4-тамызда рудныйлық ерлі-зайыпты Казаковтар 46,96 грамм героин сатып алып, оны сату мақсатында өздері жалға алған пәтерлеріне әкеліп жасырған. Сол күні-ақ тінту шараларын жүргізген тәртіп сақшылары күдіктілердің қылмысын ашып, қамауға алды.      
Тінту жүргізу барысында В.Казаковтан салмағы 1,28 грамм тартатын есірткі салынған 1 полимерлік орама тәркіленді. Ал зайыбы жалпы салмағы 45,68 грамм болатын 136 полимерлік орамамен тұтылды. Сондай-ақ О. Казакованың сөмкешесінен қайшы, полимерлік қалташалар бумасы, электронды таразы, инелер және 41 мың теңгеден астам ақша табылды. Кейін мойындағандарындай, олар бұл соманы Рудный қаласында есірткі саудалау жолымен тапқан.      
         Сот жұбайларды қылмысқа кінәлі деп тауып, отағасын 11 жылға, ал зайыбын 10 жылға бас бостандығынан айырды. Екеуі де жазаларын жалпы тәртіптегі түзету мекемесінде өтейтін болады.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓