Нағыз қазақ — қазақ емес…

Облыстық "Қостанай таңы" газетінің төл жобасы "Домбыра-думан" дәстүрлі жалғасын тапты. Бұл жолғысы — былтырғысынан өзгерек, ауқымы кеңірек. Өйткені осымен үшінші рет өткізіліп отырған іс-шара Қазақ хандығының 550 жылдығына, Тәуелсіздік күніне, сондай-ақ, Тұнғыш президент күніне орайластырылды. IMG_9273Шараның көрігін қыздырушы өнерпаздардың да, көрермендердің де саны көп. 

IMG_9283
IMG_9287

Дені — жастар. Тағы бір айта кетерлігі, өнерлерін ортаға салмаққа Науырзым ауданынан, Рудный қаласынан жас домбырашылар арнайы келген. Осы жолы қазақтың қасиетті аспабының құлағында ойнайтын өзге ұлт өкілдері де бар.Қош! Көп күттірген мереке басталып та кетті. Алғашқы болып сахна төріне Сергей Новосельцев көтерілді. Дарынды күйші бірден бірнеше күйден үзінділер орындап, көрермен қауымның қошеметіне бөленді…

IMG_9275

Осы ретпен жас күйшілер, жыршылар және айтыскерлер сахна шығып жатыр. Жиылған көпшіліктің көңіл хошын келтірген өнерпаздардың көбі — ЖОО студенттері. Сондай-ақ қатарларында әскери білім алып жатқан жігіттер бар. 

IMG_9305

Әртүрлі мекемелерде қызмет атқарып жүрген мамандар да орта толтырып отыр. Әрине, бәрі — әуесқой домбырашылар. Дәл қазір шара жарасымды жалғасын табу үстінде…   

Читайте также:

1 комментарий

  1. Айганым:

    Осы аталган шарага менде куагер болдым. Расымен де, арбир корерменнин делебесин коздырарлык мыкты куйлер мен термелер де болды. Шынымды айтсам, Костанайда мундай шаранын уйымдастырылганына тан калдым, ари куандым. Осы иги шара алдагы уакытта да оз жалгасын тапса деймин. Бул жалгыз менин гана емес, сол жерде отырган журеги казак деп соккан арбир мусылманнын тилеги дер едим.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓