Құран қари Құран қатым түсіруде

Арқалықтықтар соңғы екі жыл қатарынан қасиетті рамазан айын Құран қаримен бірге өткізуде. Жүректеріне иман ұялаған жамағат ізгілікті істің жылма жыл дәстүрге еніп келе жатқанына дән риза. — Құран қари бір ай бойы ел арасында болып, Құран қатым жасайды.
DSCF5155DSCF4231
Құран қатым етілген мекенде алланың мол сауабы болады. Сондықтан, рамазан айындағы тарауық намазы уақыттарында мүмкіндігінше Құран қатым түсірген өте жақсы. Құран қатымды арнайы Құран қарилар түсірсе нұр үстіне нұр болады. Биыл облысымызға екі Құран қари келді. Оның бірі Арқалықта болса, екіншісі Рудный қаласында. Бұл кісілер діни басқармалардың келісімі арқылы келеді. Қаламызға құрметті қонақ болып жатқан Құран қари Ахмет Короглу бауырымыз Текет қаласында ұстаздық жасайды. Жасы 36 — да. Он төрт жасынан хафыздық жолға түсіп, Құран кәрімді толық жатқа алған. Отбасылы. Бірі 14, екіншісі 5 жаста екі қызы бар. Үлкен баласын өзінің жолын қудыртып Құран курсына берген. Орайы келгенде айта кетсек, ораза уақыттарында мұсылманның көңілін табу, ауыз аштыру өте үлкен сауапты іс. Осындай сауапты істердің барысында қаламыздың әкімі Ғазиз Ерболатұлы мешіттің барлық жамағаттарының басын қосып, ауызашар өткізді. Имандылық шаралары қалаға қарасты ауылдарда да түзу жолға қойылған. Мешіт имамдары, ауыл ақсақалдары мен молдалары діни рәсімдерді жүйелі атқарып отырады, — дейді мұхтасиф Әлмұхамед молла атындағы қалалық мешіттің бас имамы Бектұрсын қажы Торғайбайұлы. Ораза мүбәрәк болсын, ағайын!
 
Мұрат Жүнісұлы
Арқалық қаласы.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓