Достық дәнекері

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов Польша Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Мачей Лангамен кездесті.
Екі жақты кездесу кезінде әлеуметтік-экономикалық, мәдени қарым-қатынастық мәселелері талқыланды.
Өңір басшысы  кезінде елімізге 100 мыңнан астам поляк азаматтары жер аударылғанын, содан бері бауырлас екі ел арасындағы достықтың  нығая түскенін атап өтті.IMG_3848
 -Мұнда олар өздерінің екінші үйін тапты, біздің еліміздің толық қанды азаматтары атанды. Қазақ халқы үшін, қоғамдық келісімді нығайту және сақтаудан асқан биік мақсат жоқ,-деп атап көрсетті  А.Мұхамбетов.
Польша елшісі біздің облысқа мәдени шараға қатысу үшін арнайы келді. Бүгін  Достық үйінің «Қоғамдық келісім»  залында  « Поляк дипломаттары 1941-1945 жылдары Қазақстанда» деп  аталатын көрмен салтанатты түрде ашылады.
Көрмеге қойылған  өте сирек кездесетін деректер кешеніндегі Қазақстан пен Польша тарихындағы ақтаңдақ жылдардың көрінісі тарихшылар мен жалпақ жұртшылыққа мол мағлұмат берері сөзсіз.
1992 жылы Қазақстан мен Польша арасында дипломаттық қатынас орнағаннан кейін еліміздің оңтүстігінде  поляк әскерлерінің қорымы ашылған. Көрме материалдары Краков педогогикалық университетінің жер аудару, депортация және қоныс аудару құжаттары орталығының, А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Дмитрий Легкий және тарих ғылымдарының докторы Надежда Степаненколардың  ғылыми ізденістерінің нәтижесі.
Сондай-ақ, Мачей Ланга мырза Қостанай қаласындағы бірқатар өнеркәсіп, мәдениет нысандарын аралап көрмек. Католиктер шіркеуіне барады. Соңыра «Nadzieja» облыстық поляктар қоғамының мүшелерімен кездеседі.
 
Айбек КӘДІРҰЛЫ
 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓