ҰОС ардагеріне құрмет көрсетілді

«Мирас» мәдениет сарайында қостанайлық ҰОС-ның ардагері, қалалық ардагерлер Кеңесінің төрағасы, Қостанай қаласының құрметті азаматы Михаил Подоляковтың 90 жас мерейтойы аталып өтті.
90 жасты алқымдаған ақсақал бүгінде 4 немере, 5 шөбере, тіпті, шөбереден де ұрпақ сүйіп отыр.
Оның соғыстағы ерен ерлігі келешекке аңыз боп қаларлықтай. Жарылғыш заттың түйіршігі Подоляковтың жүрегіне 7 миллиметр жетпей қадалған. Сонда да Отан қорғау парызын тоқтатпай, өліммен арпалысып, үйге аман-есен оралған.

IMG_7706

Аңызға айналған қария Мәдениет үйінің фойесіне дүйім жұрттың қошеметімен және сап түзеген кадеттердің атойлы қолпашымен, Қостанай облысы әкімінің орынбасары М.Жүндібаев және қала әкімі Б.Жақыповпен бірге енді. Жиналған жұртышылық орнынан тұрып, қол соғып құрметпен қарсы алды.
Сонымен қатар, мерейтойға бірге қызмет істеген әріптестері, Қостанай қаласының құрметті азаматтары мен зиялы қауымы қатысты. Замандастарымен — ескі достарымен сыр шертісіп, өскелең ұрпаққа лебізін білдірді.
-Жас ұрпаққа айтарым,  білім алыңдар, оқыңдар. Бойларыңа жақсы қасиеттерді сіңіріп өсіңдер. Жамандыққа жуымаңдар. Мен бұны ұзақ және бақытты ғұмыр кешен адам ретінде сендерге өнеге етемін,- деп ойымен бөлісті.  

IMG_7716

Салтанатты шарада Кенжебек Үкіұлы да 90-ға келген М.Подоляков туралы сыр шертіп, жақсылығын асыра сөз сөйледі. 
Игі-жақсылар қадірлі қарияның Қостанай тарихында есімі алтын әріппен жазылып қалатын айтысты. Арнайы табысталған облыс басшысының құттықтауы мен мадақтама грамотасы және иығына жабылған қазақы шапан ҰОС ардагерін ризашылыққа бөледі. 

IMG_7727

 
IMG_7748
Кенже ҚОНЫСБАЙ
Суреттерді түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓