Бүгін Бейімбет Майлиннің туған күні

Алаштың алып бәйтерегі, көрнекті жазушы, қазақ әдебиетін қалыптастырушы тұлғаны оқырманға таныстырып жату да артық. 1894 жылы 15-қарашада дүниеге келген. Қаскөйліктің қанды уызымен ауызданған солақай саясаттың сойылын соғушылардың құрбанына айналған ұлт жанашырының туғанына биыл 121 жыл.photo
Соңына қалдырған әдеби еңбектері ұшан-теңіз. Өлшеуіз қазына. Қазақ журналистикасының дамуына да қосқан үлесі зор. Қостанайдағы губерниялық «Ауыл» газетінің жарық көруіне өз атсалысып, алғаш оның секретары болып, артынша редактордың орынбасары болып қызмет атқарған. Сол «Ауыл» газеті бүгінде «Қостанай таңы» атауымен жарық көріп келеді. Күллі алаш ардақ тұтатын алып тұлғаның есімі, есіл еңбектері қазақпен бірге жасай бермек! 
 
Кенже ҚОНЫСБАЙ

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓