Әскери борыш өтеуге аттанды

Қорғаныс  департаментінің өкілдері болашақ сарбаздардың кезекті легін салтанатты түрде әскерге шығарып салды.  Осы жолы Қазақстан армиясының қатарын іріктеуден өткен 15 қостанайлық бозбала толықтыратын болды. Бұл – Республикалық күзгі әскер қатарына алу науқаны басталғалы іске асырылған алғашқы да, соңғы да шара емес.

IMG_6039

 
IMG_6012Жас жауынгерлер Астанадағы Қорғаныс минстрлігінің әскери-полициясының бас басқармасына аттанды.
Оларды шығарып салу салтанаты қаладағы Жеңіс паркінде өтті. Облыс әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев арнайы қатысып, сарбаздарға сәттілік тіледі.IMG_6038
-Бұл бозбалалардың алдында үлкен міндет тұр. Олар сол парызды абыройлы өтейтініндеріне біз сенімдіміз. Өйткені, бұл сарбаздардың бойында даңқты жерлес батыр бабаларының тағылымы бар. Мәселен, Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен қостанайлық майдангерлер аз емес. Сондықтан жастарымыздың Отан алдындағы азаматтық борышын ақтауға ынтамен аттанғалы отырғаны шүбәсіз. Құрметті сарбаздар, сіздерге сәттілік тілеймін!-деді ол өз сөзінде.IMG_6014
 
IMG_6007Салтанатты шараға қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Подалеков, Ұлы Отан соғысының және Ауған соғысының ардагерлері де қатысып, жас буынға жүрекжарды лебіздерін жолдады. IMG_6057Жиынға болашақ жауынгерлердің ата-аналары мен туыс-туғандары, құрбы-құрдастары да келді.IMG_5987
IMG_5997
 
IMG_6044
 
 
IMG_6031Бір айта кетерлігі, әскери-медициналық тексерістен сүрінбей өткен бұл «он бестіктің» дені – жоғары білімді.  Мамандар қай-қайсысының да дендері сау, дене бітімдері келісті, моральдық-психологиялық тұрғыдан әскерде қызмет етуге дайын екенін айтып отыр. IMG_6018Өзге де жастар медициналық комиссиядан өту барысында. Әскерге шақырту науқаны күздің соңына дейін жалғасады.
 
Ж.Жүсіпбек

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓