Сыбайлас жемқорлыққа қарсы семинар өтті

Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінде Департаменттің 2015 жылға арналған жоспарына сәйкес, «Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын, тәртіпті сақтау туралы» тақырыбында семинар өтті. Отырысқа қалалар мен аудандардың төтенше жағдайлар басқармалары мен бөлімдерінің бастықтары, кадр және заң қызметі қазметкерлері, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қоғамдық кеңесі  «Нұр Отан» партиясының хатшысы Р. Нұрмағамбетов  пен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің уәкілі А. Іскендіров қатысты.

001

Кездесу басында Департамент бастығы өртке қарсы қызмет полковнигі  Т. Кәкімов сыбайлас жемқорлық мұқият тұрақты зерделеуді, жүйелі тәсілді, кешенді және жедел қарсы іс-қимылды талап ететін қазіргі заманғы қоғамның жағымсыз көрінісі болып келетінін атап кетті.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қоғамдық кеңесі  «Нұр Отан» партиясының хатшысы Р. Нұрмағамбетов  қатысушыларды «Нұр Отан» партиясының 2015-2025жылдарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасымен  таныстырды.

DSC_0887

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің Тәртіптік кеңесі хатшылығының меңгерушісі А. Іскендіров сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу шаралары бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтты және келелі мәселелерге жеке құрамның назарын аударды.
                                      
Қостанай облысы ТЖД кадрлық жұмыс бөлімі
 
 
 
 

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓