Дычко олимпиадаға аттанбайды

Қазақстандық боксшы Иван Дычко мен Тони Йока арасындағы кездесу  өте тартысты өтті. Жеңіске деген құлшыныс екі спортшыдан да байқалды. Алайда, төрешілердің үшеуі де басымдылықты Тони Йокаға берді. Сөйтіп, жерлесіміз И.Дычко күміс жүлдегер атанғанымен, олимпиада жолдамасына қол жеткізе алмады. Бұл салмақта чемпионға ғана лицензия беріледі.

CIB9T9MUMAALWiA

 
Айта кетейік, осыған дейінгі екі әлем біріншілігінде И.Дычко бір қола, бір күміс медаль еншілеген еді. Оған қоса Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері деген атағы және бар. Алматыда 2013 жылы өткен әлем чемпионатында әзербайжандық Магомедрасул Меджидовтан нокаутпен жеңіліп қалған Иван жарты жылдай үзіліс алып, рингке қайта шыққан болатын. Бұл — содан кейінгі алғашқы жеңілісі. 

 

Кенже ҚОНЫСБАЙ

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓