Мал ауруына тосқауыл-маңызды шара

 Тобыл өңірі  — ел ішінде жұқпалы мал аурулары көрсеткіші бойынша ең қауіпсіз аймақтардың бірі. Бұл туралы облыстық ветеринария басқармасының басшысы  Берікжан Қайыпбай мәлімдеді. БАҚ өкілдерімен болған басқосу барысында ол өңірдегі жағдайдың бүге-шігесін  баяндап берді.IMG_6059
       Мемлекет басшысы жыл сайынғы Жолдауында ветеринария саласын халықаралық стандартқа көшіру керектігін айтқан-тұғын. Себебі, тұрақты эпизоотиялық жағдай еліміздің ауылшаруашылық саласындағы экспорттық әлеуетін дамытудың негізі саналатыны сөзсіз.
      — Облыста аса қауіпті саналатын мал ауруының түрлері анықталған жоқ. Бұған біз өңірдегі мал дәрігерлігі саласының сапалы жұмыс істеуінің арқасында қол жеткізіп отырмыз,- дейді облыстық ветеринария басқармасының басшысы Берікжан Қайыпбай
       Дегенмен, бұл мал біткен дерттен ада деген сөз емес.  Биыл  облыстың кейбір аудандарында бруцеллездің ошағына айналған шаруашылықтар анықталды.
        Жалпы,  облыс бойынша 236 мал дәрігерлік пункт жұмыс істейді. Мамандар өз міндеттерін мінсіз атқаруға тырысатыны анық. Яғни,  аурудың алдын алу үшін бір  жылда 1 сиырға 10 екпе жасалуы тиіс көрінеді. Мүмкін соның да пайдасы шығар, астықты  аймақта мал ауруларының жұқпалы түрі азая бастады ,- дейді басқарма басшысы. Бұл қуантарлық жағдай. Алайда тағы бір мәселе бар. Ол — кадр тапшылығы.     
         Басқосу барысында басқарма басшысы журналстердің көптеген сұрақтарына жауап берді.  Әсіресе, тілшілерді оңтүстік аудандардағы киіктердің қырылуы, мал өлімі қызықтырды. Облыстың бас ветеринары бұған да жауап тапты. Берікжан Қайыпбай үстіміздегі жылы Тобыл өңірінде  мал ауруларының эпизоотиялық жағдайы тұрақты дегенді шегелеп айтты.
 
Айбек КӘДІРҰЛЫ

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

↓